1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (15616) 12 шілде, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті. Дайындайтын Дилара ИСА
12 шілде 2011
”Тұрмыс” ақпарат

 АЗЫҚ-ТҮЛIК ТАҒЫ ҚЫМБАТТАҒАН

 

 

Вице-премьер Өмiрзақ Шүкеевтiң айтуынша, алдағы уақытта елiмiздегi 10 миллион гектар жайылымдық жер қалпына кел­тiрiледi. Қазiр Ауыл шар­уашылығы министрлiгi жайылым жерлердi тиiмдi пайдаланудың бағдарламасын дайындап жатыр. “ҚазАгро” ұлттық хол­дингiнiң жұмысымен та­ныс­қан үкiмет басшысының орынбасары осы бағдарлама бойынша 10 миллион гектар жердi қалпына келтiрудiң тез әрi тиiмдi тәсiлдерiн әзiр­легенiн жеткiздi. Бұл бағдарлама жобасы таяуда үкiмет отырысында ұсынылмақ.
  
 
ҚЫРҒЫЗСТАН ШЕКАРА БАҚЫЛАУЫН КҮШЕЙТТI
Қазақстан Ресей және Беларусьпен арадағы шекараны ашып тастағандықтан, Қырғызстан елiмiзбен арадағы шекаралық бақылауды күшейттi. Қырғызстан ұлттық қауiпсiздiгi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң шекаралық әскерiнiң қолбасшысы Зәкiр Тiлегеновтiң айтуынша, 2010 жылдан кейiн Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы 12 өткiзу пунктiнiң жартысы ғана жұмыс iстеген. Ендi барлық өткiзу пунк­терiндегi бақылау күшейетiн кө­рiнедi.
Бұған дейiн Қырғызстан мем­лекетiнiң кедендiк қызметiнiң төрағасы Қубанычбек Құлматов жақында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында қосымша өткiзу пунктерi ашылатынын мә­лiм­деген болатын.
 
Беттi дайындаған – Дилара ИСА.

 

 

Статистика агенттiгiнiң мәлiметiне сүйенсек, өткен айда азық-түлiк бағасы 0,2 пайызға, азық-түлiкке жатпайтын тауарлар құны 0,2 па­йыз­ға, ал ақылы қызмет көрсету 0,1 пайызға өскен. Азық-түлiк тауарларының iшiнде жарма 4,5 пайызға, оның iшiнде тары 6,2 пайызға, қарақұмық 5,3 пайызға көтерiлген. Ет пен қара бидайдың бағасы 1 пайызға артқан. Жұмыртқа 9,6 пайызға, жемiстер мен көкөнiстер 0,9 пайызға арзандапты. Ал азық-түлiкке жатпайтын тауарлар тобында бензин бағасы 5,7 пайызға көтерiлсе, дизель отыны 7,1 пайызға қымбаттаған. Дәрi-дәрмек құны 0,1 пайызға, киiм және аяқ киiм бағасы 0,2 пайызға артқан. Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларындағы инфляция 5,1 пайыз­ға жеткен. Былтырғы жылдың осы кезеңiнде инфляция 4,4 пайыз болған-ды.
 
10 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТIРIЛМЕК
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті