1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (15635) 13 қыркүйек, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті.
13 қыркүйек 2011
“Қуып шықты, қуып...”

Қолындағы таяғына сүйенiп есiк ашқан 89 жастағы кейуана Сүйiмхан Ыбрайымова: “Ауыр тұрмысымды айтайын деп Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Ербол Шормановтың қабылдауына кiрген едiм. Қуды, “шық та, шық” деп. Егер халықтың мұң-зарын тыңдамаса, не бiтiрiп отыр бұл шенеунiк? Осы жасқа дейiн мұндай қорлық көрмеген едiм, қарағым...”, – дейдi көзiне жас алып.

– Өмiр бойы естiмеген сөздi естiп, әбден қорландым. Бәрiн ретiмен айтайын, балам, сөзiм өтiрiк болмасын. Өзiм – тыл, шалым – соғыс ардагерi. Кезiнде Қонаев еңбегiмдi бағалап 2 бөл­мелi пәтер берген. Қазiр сол үйде күнелтiп жүрмiз. Өмiрiмде бiр жақсылық көрмедiм, – дейдi әжей. 
Сүйiмхан әже зейнеткерлiкке шыққанға дейiн бөтелке жинап, 7 ұл, 3 қыз, 2 жетiм баланы асырап, тәрбиелептi. Жолдасы соғыс­тан мүгедек болып оралып, төсекке таңылыпты. 32 жылдан берi жесiр, бүгiнде немерелерiн бесеуiн бас-аяғы 40 мың теңге зейнетақысымен бағып-қағуда.
“Бұл 24 тамыз күнi болған оқиға. “Шық дегенде шық, кет дегенде кет!” деп айқай салды әлгi шенеунiк. Зәре-құтым қалмады, “әй, милиция, есiгiң қайда?” дедiм. Далаға шығып қайда барарымды бiлмей есеңгi­реп отырдым. Бар айыбым соғыс кезiнде осындай бейбiтшiлiк өмiрге жетейiк деп қолым тiлiм-тiлiм, үстiмдегi киiмiм жамау-жамау болғанша жұмыс жасағаным ба?”.
Сүйiмхан әженiң айтуынша, Алматы қалалық әкiмiнiң орынбасарынан мүмкiндiк болса 2 бөлмелi баспанасын кеңейтiп берудi сұраған.
– Соғыс кезiнде Бауыржан Момышұлы және Мәлiк Ғабдулинмен кездескен кезiм есiме түстi. “Сендердiң еңбектерiң ерен” деп едi Бауыржан аға қо­лын ұсынып. “Қой аға, бiздiң қолымыз күс-күс, жара, кiр” десек те алақанымыздан қысып: “Айналайындар, жыламаңдар. Еңбектерiң ақталады. Қолдарыңа мылтық алмағанмен, еңбектерiң бiзден артық”, – деп едi. Қайдағы ақталған? Еңбегiмiз бағаланғаны былай тұрсын, бiр ауыз жылы сөзге зар болдық қой бүгiнде, – дейдi Сүйiмхан әжей ашуға булығып. 
Тыл ардагерi бөтелке терiп, оны сатып пұлдап, отбасымен күн көрiптi. 1 ұлы туберкулез ауруына шалдығып, қаза тапқан. “Ел қырылып жатқанда бiз отырамыз ба?” деп 2 баласы Желтоқсан көтерiлiсiнде мерт болыпты. 1 қызы iс-түссiз жоғалыпты. Көзiнен мөлт-мөлт жас тамған әжей: “Еш себепсiз менi сонша қорлап, қуатындай не жазығым бар? Бар кiнәм баспанам тар, мүмкiндiк болса кеңейтiп бер деп өтiнiш айтқаным ба? Анамын. Ол да анадан туған ғой. Боздатып жiберетiндей әкесiнiң үйiнен нан сұрамадым, өкiметтiң үйiне бардым ғой. Қазақ тiптi үйге кiр­ген жыланды да басына ақ     құй­ып, шығарып салады”, – дейдi.
Соңғы уақытта шендi-шек­пендiлердiң қарапайым халықпен қарым-қатынасына шағымданушылар жиiледi. Әсiресе, мемлекеттiк мекеме басшыларының үстiнен арызданушылар көп. Қылымсыған қыздай құбылып жүретiн мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Бәйменовтың құлағына алтын сырға. Мемлекеттiк қызметте басшылықта отырған әрiптес­терiнiң этикасын бiр сүзгiден өткiзу қажет-ақ.   
 
Дилара Иса
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті