1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15649) 1 қараша, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті. Дайындайтын Дилара ИСА
1 қараша 2011
“Шашымның ағын сыйласа қайтедi?”

30 жылдан берi азық-түлiк сатып келемiн. Жетiскеннен емес, жетiспеушiлiктен сауда жасауға мәжбүрмiн. Зейнетақым аз, тiр­шiлiгiме жұқ болмайды. Бiр қарыс жер­дi жалға алып, тiрлiк жасаймын.

5 мамыр күнi күнделiктi әдетiм бойынша саудаға шықтым. Әй-шәй жоқ, он шақты жергiлiктi әкiм­шiлiк пен полиция қызметкер­лерi тауарыма бас салды. Шатырымды тiлiм-тiлiм етiп, жарамсыз еттi. Жемiс-жидектi тепкiлей бастады. Олардың айтуынша, премьер-министрдiң орынбасары Өмiрзақ Шүкеевтен қала әкiмшiлiгiне “же­мiс-жидек сататын сауда нүк­телерiнiң көзiн жойыңдар” деген бұйрық түсiптi-мыс.
Әп-сәтте әбiгерге түсiрдi. Бар тауарымды өз көлiктерiне сала бастады. Қарсыластым, шамам кел­медi. Қолымды қайырып, күш көр­сеттi. Кейiннен емделдiм. Анасындай адамға осылай зорлық-зомбылық көрсетуге ұяты қалай жiбердi?
Бар тауарымды алып кеткенiне, мiне, 7 ай толды. Шатырсыз, жа­уын-шашынның астында қалдым. Осы күнге дейiн үмiтiмдi үзбедiм, бар тауарым мен шатырымды қайтарып беретiн шығар деп. Бiрақ бүгiнге дейiн еш хабар жоқ. Сол тауарды қарызға алған едiм. Азық-түлiк, таразы, шатыры бар, бәрiнiң жалпы құны 146 400 теңге. Өтейiн десем, қалтам тесiк. Бұл ақша әлдекiмдер үшiн тиын-тебен шығар, бiрақ қалт-құлт күнелтiп отырған зейнеткер үшiн әжептәуiр қаражат қой.
Шашымның ағарғанын да сыйламады-ау. Төбеме жаңғақ шағып, тақырға отырғызды. Барар жерiм, басар тауым қалмады. Аяса неттi? Осы күнге дейiн шағымданбаған жерiм қалмады ғой. Не iстеймiн, қандай амал табамын деп жүргенiмде, басыма және қара бұлт үйiрiлдi. Шағымданғаным үшiн 19 тамыз күнi мемле­кеттiк қызметкерлер сөредегi 90 мың теңгелiк бар тауарымды тағы алып кеттi. Олардың бұлай келе­междегенi жаныма батты. Құзырлы орындардан, жергiлiктi әкiмшiлiктегi тиiстi қызметкерлерден сұрайтыным, олар да анадан туды ғой, мәселенi жан-жақты тексерiп, шығынымды өтеп берсе екен.
Қаншайым АБДУЛЛИНА,
зейнеткер,
Алматы қаласы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті