1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15670) 17 қаңтар, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті.
17 қаңтар 2012
“Әр жердi бiр паналадым”

Соңғы уақытта мемлекет қарамағындағы жетiм балаларға отбасылық тәрбие беру жолға қойылуда. Солардың бiрi – жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алу. Патронаттық тәрбие балалардың отбасылық өмiрге икем­делуiне үлкен ықпал жасайды. Екiбастұз қаласында бiрiншi болып баланы патронаттық тәрбиелеуге қадам жасаған жандар – ерлi-зайыпты Герман және Екатерина Яценколар.

 ***
Әңгiменiң әлқиссасын әрiден бастасақ. 1998 жылы 13 жасында Гүлмира Әдiлбекова әкесiнен айырылды. Анасы тұлымшағы желбiреген қызына әкесiнiң орнын жоқтатпауға тырысты. 2001 жылы бұрынғы үйлерiн сатып, 1 бөлмелi пәтерге көштi. Аналы-балалы екеуi ел қатарлы күн кешiп жатқан. Қаршадай қызға қатал тағдыр мұны да көп көрдi ме, 2002 жылы анасы Алтынкүл де көз жұмды. Кәмелеттiк жасқа толмаған қыз ендi қайтпек, тәтесiнiң қолына көшiп, осы үйде тәрбиелендi, мектеп бiтiрдi. 2003 жылы Гүлмира анасынан мұраға қалған пәтердi өз атына рәсiмдедi де, Алматыға аттанды. Алатау баурайы Гүлмираны сыртқа тепкен жоқ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң “Аударма iсi” мамандығы бойынша оқуға түстi. Осы оқу орнында 5 жыл бiлiм алған ол 2009 жылы бiлiмiн жалғастыруға ниеттендi. Жолы болды, сол жылы магистратураға түстi. Өткен жылы оқуын бiтiруге тиiс едi, амал не...
2010 жылдың жазында ол туған елге, өз үйiне келiп кетуге бел байлады. Бiрақ Қызылорда қаласындағы Байтұрсынов көшесiнде орналасқан №3 үйдiң 12-пәтерi, анасынан қалған жалғыз мұра Гүлмираға бұйырмады. Пәтердiң есiгi ауыстырылған, тым-тырыс. Үй телефоны да жауап бермейдi. Барар жерi, басар тауы жоқ бойжеткен темiр жол вокзалына түнеуге мәжбүр болды. Ертеңiне өз үйiне қайта келдi, тағы да суық есiк. Жым-жырт. Кейiн бiлдi, өмiрiнде көрмеген әлдебiреу мұның үйiне жайғасып алыпты.
– Бибiгүл Балықбаева заңсыз үйiме кiрiп алғанымен қоймай, маған қоқан-лоққы көрсеттi. Не iстерiмдi бiлмей, басым қатты. Әр жердi паналап жүре бердiм. Вокзалға, одан кейiн мешiтке... Лида тәтемнiң үйiне де бардым. Бекарыс, Ерлан сынды азаматтар да өз үйлерiне қондырып жүрдi. Жастайымнан тағдыр тауқыметiн тартып келемiн. Бұл өмiрден қандай да бiр әдiлдiк, мейiрбандық күтуге дағдыланбағанмын. Көрмейсiз бе, 1 жыл 3 айдың iшiнде өз үйiмнен айырылып отырмын. Жанашыр азаматтардың кеңесiмен Бибiгүл Балықбаеваның үстiнен қалалық сотқа арыз жаздым. Алғашқы сот отырысына ол келмедi. Екiншi отырысқа да жоламады. Соның кесiрiнен сот үкiмi кешiктiрiлдi. Үшiншi отырыста, төбе көрсеттi, әйтеуiр. Сот үкiмi менiң пайдама шештi. Одан кейiн Бибiгүл тағы аппеляциялық сотқа шағымданды. Қолы ұзын, тамыр-танысы мықты деп естiгем. Аппеляциялық сот оны жақтап кете ме деп те алаңдағанмын. Бiрақ, әдiлдiк бар екен, сот үкiмiн бұзған жоқ, күшiнде қалды. Ендi сот орындаушыларын күтiп жүрмiн, – дейдi Гүлмира. 
Нағымжан САУЯЕВ,
Қызылорда қаласы
 
 
ӨМIР БОЙЫ АНАМДЫ АҢСАУМЕН ӨТТIМ
Жақында Яценколардың үйiне жолымыз түстi. Екi қабатты еңселi үйге таяғанымызда, майға пiскен бауырсақтың иiсi мұрнымызға келдi.
– Балалар үйiнен ағайынды Рүстем, Қанағат, Ерғанат атты балаларды бауырыма бастым. Жақында олардың әкесiнiң туысы қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстары болмағандықтан, оны мұсылман ғұрпымен жерледiк. Жаназасын шығарған соң, марқұмның аруағына бағыштап, ас бердiк. Бүгiн – жұма. Марқұмның бiрiншi жұмалығында туыстары бiздiң үйге келмекшi, – дейдi Екатерина.
Ағайынды жiгiттердiң анасы қасақана кiсi өлтiргенi үшiн 8 жыл­ға сотталыпты. Балалар анасымен хабарласып тұратын көрiнедi. Екатерина түрмеге пошта арқылы бiр-екi рет сәлем-сауқат жiберiптi.
– Балаларыңыздың нешеуi отбасын құрды? – деп сұрадық бiз одан.
– Рүстем және Артем отбасылы болды. Артем үйленген соң жеке шықты. Өткен жылы Светлана атты қызым да тұрмыс құрды. Балаларым үйленгенiмен бiзден қол үзген жоқ, – дейдi ол. 
11 баланы бауырына салып, тәрбиелеп отырған Екатеринаның бұл әрекетi ерлiкпен пара-пар. “Анам 27 жасында дүние салды. Ол кезде небәрi 1 жаста едiм. Әжем мен әпкемнiң тәрбиесiнде болдым. Жоқшылық көрмесем де, ананың орны бөлек қой! Өмiр бойы анамды аңсаумен өттiм. Содан болар, жетiмдер үйiне барғанда, “Тәте, менi алып кетiңiзшi!” деп жаутаңдап қараған баланы көргенде, бұрылып кетуге дәтiм жетпейдi. Жетiмдерге жаным ашығаны соншалықты, өзiмнiң үш қызымды қосқанда, 14 баланың анасы болып шыға келдiм”, – дейдi ол.
Бүгiнде Екатерина әрбiр баласының қылығын жатқа бiледi. “Ваня – қаламыздағы гуманитарлық-техникалық колледжiнде, Арина – №21 кадет мектебiнде, Ерғанат – №19 мектепте, Қанағат, Владислав, Руслан және Александра – №17 мектепте оқиды. Александрам – қазақтың қызы. Ақылды, сезiмтал бала. Үнемi қас-қабағыма қарайды. Ал Ерғанат, керiсiн­ше, қияңқылау, – дейдi ол балаларының қылығын айтып, жымиып. – Бiр орнында тыным таппайды. Жеңiл атлетикамен айналысады. Екi бiрдей медалi бар. Жақында Павлодарда өткен жарысқа қатысып, сыйлық иелендi. Аринам болса мектепте оқу озаты. Кiтапты көп оқиды. Қанағаттың жасы он бесте, қазiр еркiн күреспен шұғылданып жүр”.
Үй iшiнде анасын айналшақтап жүрген балаларды да сөзге тарт­тық. “Өскенде кiм боласың? Қандай тiлегiң бар?” деп сұрадық Қанағаттан. “Спортта үлкен жетiстiктерге жеткiм келедi... Анам ауырмай, ұзақ өмiр сүрсе екен! Олар бiздi өздерiнiң туған балаларындай қатты жақсы көредi”, – деп ойын қысқа жеткiздi.
– Көпшiлiк “балаларымның денсаулығы қандай?” – деп сұрайды. Мүмкiн, тек қана денсаулығы жақсы балаларды бауырына басады деп ойласа керек. Бiрақ оларды ешқашан алалаған емеспiн. Мәселен, Рүстемнiң туабiттi жүрек талмасы ауруы бар. Ерғанат та дiмкәс. Әлсiз балаларымды дәрiгердiң бақылауында ұстаймын. Дәрi-дәр­мектерiн де уақытылы беруге тырысамын. Өмiрдiң мәнi де, сәнi де – балада. Алдыңғы төртеуi ел қатарына қосылып, өз алдарына отау тiктi. Олардың орындары кәдiмгi­дей ойсырап қалғандай. Дегенмен жақында балалар үйiнен тағы үш баланы асырап алуға шешiм қабылдадық. Аз ғана ғұмырымда адамдарға шапағатымды тигiзе алсам, менен бақытты адам жоқ! – деп аяқтады Екатерина әңгiмесiн.
Дария ЕРҒАЗИНА.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті