1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15670) 17 қаңтар, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті. Дайындайтын Дилара ИСА
17 қаңтар 2012
«Тұрмыс» ақпарат

ЕҢБЕК КОДЕКСIНЕ ӨЗГЕРIС ЕНГIЗIЛМЕК

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың хабар­лауын­ша, қолданыстағы “Еңбек кодексiнде” шикiлiк көп. “4 жылда кодекстiң жекелеген нор­маларының қолданылуында бiршама кемшiлiктер айқындалды. Осыған орай, еңбек қатынастарын құқықтық реттеудiң сапасын арт­тырып, кемшiлiктер мен қайшылықтарды жою, сондай-ақ халықаралық еңбек стандарттарын есепке ала отырып, еңбек заңнамасын жетiлдiру мақсатында құжат әзiрлендi. Бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптердi реттеу және оны бiрыңғай жүйеге келтiру, қызметкерлердi оқуға және мансаптық өсуге ынталандыру мақсатында ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн қалыптастыруға бағытталған бiрқатар жаңалықтар ұсынылады”, – дейдi ол.
 
ХАЛЫҚТЫҢ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ТАБЫСЫ ТАРАЗЫЛАНДЫ
Жақында Статистика агенттiгi 2011 жылғы қарашада халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстары қаншаға жеткенiн бағалап, жария еттi. Мекеме таратқан ақпараттарға сүйенсек, өткен қараша айында халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 46 600 теңгеге жеткен. Оның iшiнде Атырау облысы, Алматы және Астана қалаларының тұрғындары көп табыс табады деп есептелсе, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында халықтың табыс мөлшерi артта қалыпты. Сондай-ақ, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Алматы және Қостанай облыстарында белгiленген. Ал өңiрлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгi мөлшерлерiнiң арасындағы айырмашылық 3,7 есенi құраған.  
 
ҚОҚАН-ЛОҚҚЫ КӨРСЕТУДЕ
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ресми сайты тұтынушыларға мынадай сұрақ тастады: “Сiз Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң жоғарғы курс студенттерi тарапынан қорқыту әрекеттерiне кездестiңiз бе?” Сауалнамаға екi мыңға жуық адам қатысыпты. Олардың 70 пайы­зы – “иә”, 24 пайыздан сәл-ақ астамы – “жоқ”, 6 пайызға жуығы – “жауап беруге қиналамын” деп жауап берiптi. Осыдан-ақ елiмiздегi жоғарғы оқу орындарындағы тәртiптi елеп-екшеуге болатындай.
 
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША ЖЕР БОС ЖАТЫР?
Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң төрағасы Өмiрзақ Өзiбеков Қазақстанда қанша жер бос жатқанын түгендедi. Сонымен бүгiнде республика бойынша пайдаланбай отырған 4,3 миллион гектар жер бар екен. Оның 1,2 мил­лионы – егiстiк, 11,4 мыңы – жер телiмдерi. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы иесiз жатқан 893 мың гектер жер және 2 700 жер телiмiн де анықтапты.
 
КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРДI ӨТЕУГЕ ҚҰЛЫҚСЫЗДЫҚ ТАНЫТУДА
Ресми мәлiметтерге қарағанда, өткен жыл­ғы халықтың мемлекетке коммуналдық қызметтер үшiн төленуi тиiс қарызы 7,5 миллиард теңгеге жеткен.
Айта кететiн жайт, коммуналдық төлемдердi байшыкештер төлеуге құлықсыз. Ал бұл қарыз мемлекеттiң тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуiне айтарлықтай кедергi келтiретiн көрiнедi. Өйткенi, мәселен, жылу беру кезеңiн нормативтi жүргiзу коммуналдық қызметтер үшiн төленетiн ақыға тiкелей қатысты екенiн атап өткен жөн. Жергiлiктi әкiмдiктер аталған бағытта жұмыстар жүргiзуде. Бiрақ тұтынушылардың қарыздарды дер кезiнде төлетуге шама-шарқы жетпеуде. Әсiресе, үлде мен бүлдеге оранған, көйлегi көк, қарны тоқ кейбiр азаматтарға тiсi батпай жатқан көрiнедi.
 
Беттi дайындаған – Дилара ИСА.
 

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті