1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15686) 13 наурыз, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті.
13 наурыз 2012
Жетi адамның бiрi кедейшiлiкте өмiр сүредi

Әлемдiк тәжiрибеге сүйенсек, ел­дегi экономикалық жағдайы жалпы iшкi өнiм, халықтың сауаттылық дең­гейi, жұмыспен қамту көрсеткiшi­мен анықталады. Бiрiккен ұлттар ұйымының деректерiне қарағанда, дәл қазiр дүниежүзi бойынша 7 адамның бiрi кедейлердiң қатарында. Аштық күнiне жиырма бес мың адамды жалмайды. Сорақысы сол, қаза тапқандардың басым бөлiгi – балалар.

Айта кететiн жайт, әлемде кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Әлемдегi дамушы елдерде өмiр сүретiн 1 миллиардқа жуық адам күнiне 1 долларды талшық етсе, 2,5 миллион адам              2 долларды қанағат тұтады. Кедейлер жалпы халықтың      40 пайызын құраса, байлар    20 пайызға жетедi. Ал кедейлердiң табысы бүкiл әлемдегi кiрiстiң небәрi             5 пайызына жетсе, байшыкештердiкi 75 пайызын құрайды. Дүниежүзi бойынша жалпы iшкi өнiмнiң көрсеткiшi 800 долларға жетпейтiн елдер кедей мемлекеттердiң санатына кiредi.
Әлемдегi ең кедей он мемлекеттiң бiрi – Нигерия. Бұл мемлекеттiң халқы қуаңшылықтан зардап шегуде. Онда тамақ тапшылығы – нөмiрi бiрiншi мәселе. Нигерия халқының 63 пайызы күнiне      1 доллардан кем табыс табады. Сауаттылық деңгейi          15 пайызға әрең жетсе, халықтың орташа өмiр сүру деңгейi – небәрi 46 жас. Нигерияда жұқпалы аурулардан қаза табатындардың саны өте көп.
 
Беттi дайындаған – Дилара Иса
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті