1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15686) 13 наурыз, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті.
13 наурыз 2012
Жәрдемақы мөлшерiн көбейту қажет

Дәл қазiр Қазақстанда белгiленген мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерi мардымсыз. Мәселен, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақының көлемi тоғыз мың теңгеге әрең жетедi.

Сенатор Қуаныш Айтахановтың пiкiрiнше, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне ең төменгi жалақы – 17 439 теңге жәрдемақы тағайындау керек. “Қазақтың жерi кең. Бiрақ халқы аз. Осы тұрғыдан келгенде ел Тәуелсiздiгiне әсер ететiн басты мәселе – халық санын көбейту. Ол үшiн ана мен балаға жағдай жасау қажет. Бюджетте бекiтiлген ең төменгi жалақы бiр жасқа дейiнгi балаға берiлетiн орташа жәрдемақы болса игi. Бұл мемлекеттiк жәрдемақы бiр жыл емес, екi жылға дейiн берiлуi шарт. Жөргекпұлды да қазiргi көрсеткiштен бiрнеше есеге арттырған орынды. “Алтын алқа”, “Күмiс алқа” иелерiне ерекше қамқорлық жасап, жеңiлдiктер қарастыру керек. Жас отбасылар­ға баспана мәселесiн жеңiлдетiп, несие пайызын бала туу санына қарай кемiтiп отыру шарт. Сонда ғана бала туу мәселесi шешiледi. Жас отбасыларға арналған арнайы әлеуметтiк тұрғын үй құрылысын жасап, оның өз алдына кезегi болса екен”, – дейдi облыс әкiмдерiнiң беделi ана қамқорлығы мен баланың табиғи өсiмiне байланысты айқындалуы тиiс деп санайтын сенатор.
Саяси шешiмдер институтында өткен алқалы жиынға қатыс­қан сарапшылардың да пiкiрi дәл осындай. Олардың айтуынша, бала туып, оны тәрбиелеп отыр­ған аналарға ай сайын мiндеттi түрде жалақы төлеу қажет. Бұл мәселенi мемлекеттiк дәрежеде көтерiп, шешкен абзал. Бекiтiлетiн жалақының мөлшерi ана мен баланың тыныс-тiршiлiгiне толық жетуi шарт. Сондай-ақ, баласы бiр жас­қа толған аналардың басым бөлiгi жұмысқа шығуға мәжбүр. Өйткенi баланың күтiмiне мемле­кет­тiк жәрдемақы бiр жыл берiледi. Бала тәрбиесi шет қалып, күнкөрiс қамымен амалсыз жұмысқа шыққан ана күтушi жалдайды. Сондықтан да бала күтiмiне берiлетiн мем­лекеттiк жәрдемақының уақы­тын үш жылға белгiлеу қажет.
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Майра Қабақованың алға тартқан деректерiне сенсек, Қазақстанда орташа есеппен заңды некеге тұратындардың жас шамасы: ерлер – 25-30 жас, қыздар – 22-28 жас. Ерлер – 25 жасында, әйелдер – 23 жасында тұңғыш баласын бауырына басады. Дәл қазiр қазақстандық отбасылардың тең жартысына дерлiк 1-2 бала тәрбиелеуде. Бұл қазақ үшiн қауiптi ме? Қауiптi.
Дәл осы өзектi мәселенi шешу үшiн не iстеу керек? Майра Қабақованың пiкiрiнше, жүйелi зерттеу жұмысын жүр­гiзу үшiн “Отбасы: ана және бала” институтын құру қажет. Сондай-ақ, мәселен, Ресей сияқ­ты әрбiр баланың дүниеге келгенiн ескерiп аналық капиталды бiр iзге түсiру, әйелдер­дiң зейнеткерлiкке шығу жасын азайту, кем дегенде үш немесе одан да көп бала туып, тәрбие­леу мiндетiн жүктеу керек.
 
Дилара Иса
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Т.Шәдібекұлы | 22 маусым 2017 18:46
Өте дұрыс мәселе көтеріп отырсың қарындасым.Қазақтың жері кең, бай деп мақтанамыз, сол жерге иеге болатын адам керек.Қалың қытай бізге жаны ашып қарызға ақша беріп жатқан жоқ,түбінде сол ақшаны сылтау қылып жерімізге көз тігіп отыр.Сондықтан сол жерлерде тұратын адам санын көбейту қажет, Көп бала туып жатқандар да сол жергілікті ауыл тұрғындары, ауылда тұратындар да қазақтар.Қуаныш аға ауылда туып, ауылда өскен қазақтың жағдайын ол кісіден артық білетін адам кем,өте дұрыс айтады. "Алтын", "Күмі"
Т.Тәдібекұлы | 22 маусым 2017 18:51
"Алтын", "Күміс" алқа алған аналарға жас ерекшеліктеріне қарамай, ең төменгі зейнетақы тағайындап пенсияға шығарып жіберу керек. Өйткені 6-7 баламен жұмыс істеуге қолдары да тимейді.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті