1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №07 (15465) 26 қаңтар, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті. Дайындайтын Дилара ИСА
26 қаңтар 2010
«Тұрмысымыз...осындай»

«Сананы тұрмыс билейдi» деген қанатты сөздiң бары да рас. Иә, көп мәселе тұрмысқа, бiздiң тұрмысымызға байланысты. Бiз қалай күнелтiп жүрмiз? Тұрмысымыз қай деңгейде? Осы сауалдарға жауап iздеп, бiрнеше адамды әңгiмеге тартқан едiк.

 
Нұржан, газет сатушысы:
– Жасым – 22-де. Бұл iспен айналысқаныма екi жылдан асып барады. Табысым жаман емес. Жалғызбасты болғандықтан, өзiме жетедi. Бiрақ, «тапқан табысыммен отбасын құрып, оны асырай аламын» деп айта алмаймын. Мұндай жұмысты мiсе тұтамын деп ойлаған жоқ едiм. Амал жоқ, мұны да iстеуге тура келдi. Басқа жұмыстың ыңғайы көрiнбей тұр. Ауылдағы әке-шешеме қайтқым да келедi. Бiрақ, ауылда да жұмыс жоқ қой. Оларға масыл болып қайтем?!
 
Биғайша ҚАРАСАРТОВА, зейнеткер:
– Ауылда ең кенже ұлымның қолында тұрамын. Қолымызда сауын сиырдан басқа малымыз қалмады. Үш немерем бар. Ұлым – жұмыссыз. Келiнiм – мектепте кiтапханашы. Менiң зейнетақым бар, оның жалақысы бар. Соған күнелтiп жүрмiз. Онымыз iшiп-жемiмiзден артылмайды. Ер адам емес пе, ұлым қол қусырып отырудан жалығып, «қалаға көшейiк» дейдi. «саған онда кiм жұмыс дайындап тұр? Қартайған шағымда ешқайда да бармаймын», – деп мен отырмын. Тұрмысымыз, мiне, осындай.
 
Бақытгүл ӨМIРӘЛИЕВА, мектеп мұғалiмi:
– Алматы қаласынан 30 шақырым жердегi «Бәйтерек» елдiмекенiнде тұрамын. Бұл жерге оншақты жыл бұрын көшiп келдiк. Қаланың өзiнен үй алуға мүмкiндiгiмiз болмағаннан, «барып-келiп iстесек те жұмыс табылады» деп, осы жердi таңдадық. Өзiм жергiлiктi мектепте сабақ беремiн. Күйеуiм қаладағы әртүрлi құрылыс компанияларында жұмыс iстейтiн. Айлығы да жаман емес едi. Ол табыс тауып тұрғанда алған жерiмiзге кiшiгiрiм үй салып, азын-аулақ мүлiк жинап, тұрмысымызды бiраз жақсартып алған едiк. Несиеге жеке көлiк те алғанбыз. Бiрақ, оны кейiннен сатып жiберуге мәжбүр болдық. Көлiктiң үнемi жүрiп тұруы үшiн де ақша керек. Күйеуiм жұмыстан шығып қалған кезде, не iстерiмiздi де бiлмей қалдық. Күйеуiм болса содан берi жұмыссыз. Сәтi түссе, анда-санда жеке адамдардың кiшiгiрiм монша, қора-қопсысын салып, ақша табады. Болмаса, ол да жоқ. Менiң еңбек өтiлiм аз болғандықтан, жалақым да мардымсыз. Оның үстiне мектепке керектi қағаз-қаламдардың барлығын өз қалтамыздағы ақшаға аламыз. Мектеп жасына толмаған екi балам бар. Олар әзiрше алып бергенiмдi жеп, жылы үйде әкелерiнiң қасында отыр. Ертең олар оқуға барғанда, не iстейтiнiмiздi де бiлмеймiн...
Сауалнама жүргiзген – Инга Иманбай
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
Раке | 27 қаңтар 2010 01:01
Момындар өз санасының деңгейімен өмір сүруде. Осындай "момындар" өздерінің "қасиеттерімен" адамзатты бұзып, әділетсіздікті туғызуда. Олардың кесірінен біздер адал еңбегімізді талап етіп, қаймықпай құқымызды қорғаушылар "қара қарғалардың" ішінде "ақ қарға" болудамыз. Құдай кім-кімге де ниетіне береді ғой, еңбегімізді табанына тас қойып алудамыз.
Жан | 27 қаңтар 2010 16:31
Раке кешір.Қазір қазаққа мүмкіншілік бермей жүр.Берсе бәрімізде жақсы өмір сүруші едік қой.Барлық жерде таныс тамырмен жұмысқа алу қазір дәстүрлі жағдай.Парақорлық белең алған.Өтірік деші....
Жоғары білімді қара жұмысшы | 27 қаңтар 2010 20:39
Аллаһ қаласа, Атыраудағы жалғыз университетті бітіріп, қолыма диплом алғаныма биыл екі жыл болады. Алайда содан бері бір жылдан астам жұмыссыз жүріп қалдым. Әрине, қарекетсіз үйде жатқанымнан емес. Мамандығым бойынша облыс орталығынан қызмет те қарастырдым. Бірақ мені қатарға алған ешқайсысы жоқ. Уақыт өте келе Қарабатандағы қара жұмысшылардың қатарын мен де толықтырдым. Табысымды аз демеймін. Өкініштісі, төрт жыл күткен күректей дипломның сандық түбінде жатқаны...
Мырза | 11 мамыр 2010 14:43
Қазір елімізде жұмысқа орналасу тек таныс арқылы ма деп қалдым.4-5 жыл оқып диплом алғаннан гөрі мектеп бітіргеннен соң бірден кәсіпкерлікпен айналысқан тиімді ма деп отырмын.Әрі ерте бастан жұмыс істеп үйренесің. Біздің қазақтың бір мінезі бәрі, жасы да кәрісі де бірден бастық болып креслоға отыру керек. Ешқайсысы жұмыс істегісі келмейді. Содан барып күн көрісі төмендеп шыға келеді. Жоғарыда айтқан сөздеріме нақты өмір барысында көзім жеткен соң айтып отырған жайым бар. Қысқасы, көп сөзділікті қойып жұмыс жасауға үйренуіміз керек-ақ.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті