1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Жас Алаш №07 (15465) 26 қаңтар, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті. Дайындайтын Дилара ИСА
26 қаңтар 2010
Жұмыс орындарын сақтап қалу үшiн 1,2 триллион теңге бөлiндi

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың айтуынша, өткен жыл Қазақстанның еңбек нарығында күрделi кезең болыпты. “2008 жылдың күзiнен бастап елде жұмыссыздар саны артты. Жұмысшыларының жалпы саны 135 мың адамды құрайтын 264 кәсiпорын өндiрiсiн толықтай және жарым-жартылай тоқтатты. 25 мың адам жартылай жұмыс күнiмен қамтылса, 15 мың 600 адам еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шықты”, – дейдi министр.

Ал ендi сарапшылардың болжауынша, өткен жылы Қазақстанда 136 мыңнан астам жұмыс орны қысқарған. Екi қолға бiр күрек таба алмай жүргендердi қоса есептегенде, 700 мыңға тарта азамат жұмыссыздардың қатарын толықтырған. Не керек, тұйықтан шығу үшiн үкiмет бұл ретте қаржыны да аямаған. Мәселен, тек қана қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалу үшiн ұлттық қордан және республикалық бюджеттен 1,2 триллион теңге бөлiнген. Гүлшара Әбдiхалықова: “Статистика жөнiндегi агенттiк деректерi бойынша 2009 жылдың төртiншi тоқсанында жұмыссыздық деңгейi бiрiншi тоқсандағы 6,9 пайызбен салыстырғанда 6,3 пайызды құрады”, – дейдi. Сарапшылардың тiлiмен айтқанда, 6,9 пайызымыз – 700 мың адам. Ал ендi 6,3 пайызымыз адамға шаққанда қанша? Бұл жағын Гүлшара Әбдiхалықова таратып айтпапты.
 
БIРIНШI ОРЫНҒА ШЫҚТЫ. ТҮРМЕДЕГIЛЕРДIҢ САНЫ ЖӨНIНЕН
“Халықаралық дағдарыс тобы” тәуелсiз ұйымының мәлiметтерiне сүйенсек, 2009 жылы Қазақстандағы түзеу мекемесiнiң саны жетпiс үшке жетiптi. Түрмедегiлердiң жалпы саны – 59 141 адам. Орта Азия мемлекеттерiмен салыстырсақ, Қазақстан түрмеде отырған адамдарының саны жөнiнен бiрiншi орынға шығыпты.
Жақында ҚР Премьер-министрi К.Мәсiмов: “Халық­аралық ұйымдар республикадағы түзеу мекемелерiне сын айтуы мүмкiн”, – деп Әдiлет министрлiгiне ескерту жасады. Мәсiмов мырзаның айтуынша, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның талаптарына сай келуi үшiн қылмыстық-түзеу мекемелерiнiң жұмысын жақсарту керек. Егер Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етпегенде, үкiмет елу тоғыз мыңнан аса адамның тағдырына алаңдап, нақты шара қолдануды қаперiне алмайтын ба едi, қайтер едi?..
 
ТАПҚАНДАРЫ ТАМАҒЫНА ҒАНА ЖЕТЕДI
Қай елдiң халқы қалай өмiр сүрiп жатыр? Дәл осы сауалды АҚШ-тың “International Living” журналы таразылап бердi. Осыдан бiр жыл бұрын 155-орында тұрған Қазақстан ендi 194-орынға бiр-ақ түсiптi. Неге? Бiздiңше, мұның себебi де белгiлi. Қазақстан халқының өмiр сүру деңгейi жылдан-жылға төмендеп барады. Азық-түлiк, киiм-кешек, тұрмысқа қажеттi заттардың бағасы да шарықтап кеттi. Ал оны жүгендеуге үкiмет дәрменсiз.
Сонымен, Қазақстандағы қарапайым тiршiлiк иелерiнiң жағдайы мәз емес. Тапқандары тамағына ғана жетедi. Жоғарыдағы журналда көрсетiлген “194-орын” осыны аңғартады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті