1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті.
12 шілде 2011
Қырық жыл қызын арқалаған ана
Қазақ тарихында Семей полигоны өшпес iз қалдырды. Iз болғанда да, қасiреттi таңба. Арқаның топырағын 1949 жылы ажал мен тажалдың алғашқы атом бомбасы көкке ұшырды. Сарыарқаның төсiнен ұшқан құс пен жүгiрген аң осы сәтте-ақ үйренген мекенiн тастай үдере қашты. Атомның таусылмайтын азабына шырмал­ған Ақжар ауылының халқы қарыс қадам жасай алмады. Атадан мирас болған туған жерiн қиып кете алмады. Оның үстiне, қылышынан қан тамған кеңес дәуiрiнiң тырп еткiзбейтiн жүйесi де мысын баса бердi... Содан берi 62 жыл өттi. Дәуiр жаңарып, жүйе өзгердi. Қазақстан тәуелсiздiгiн алып, бодандықтан босады. Жұрт есiн жиып, кешегi жоғалтқанын iздей бастады.
12 шілде 2011
Үндемес үкiметтiң назары Қызылордаға қашан ауады?
Редакцияға Қызылорда облысы, Арал ауданы тұрғындарының атынан тағы хат түстi. Жергiлiктi әкiмқаралар мен оның нөкерлерiнiң iс-әрекетiне ашын­ған олар былай дейдi: “Жас Алашта” жариялан­ған “Аралдағы “ажал ошағы” мақаласын оқып, құланның қасынуына мылтықтың басылуы дәл тигендей мәре-сәре болған едiк. Әйткенмен, оған қарсы мақаланы көрiп “әттеген-ай” деп сан соғып, айран-асыр болдық”. Естерiңiзге сала кетейiк, газетiмiздiң өткен сандарында қызылордалықтардың тыныс-тiршiлiгi жайында егжей-тегжейлi жазғанбыз (№36, №37, №38, №39, №41). Мәселен, Байқоңырға ат басын бұрдық. “Кептiрiлген балықтың” кейпiне енген Ақай мен Төретам елдiмекенiндегi қаймана қазақтың мұң
24 мамыр 2011
“Тұрмыс“ ақпарат
БАЛАБАҚШАДАҒЫ БҮЛДIРШIНДЕР ҚАЙ ТIЛДЕ ТӘРБИЕЛЕНУДЕ? 
Статистика агенттiгiнiң деректерiне жүгiнсек, Қазақстанда 2010 жылы 4781 тұрақты мектепке дейiнгi ұйым жұмыс iстедi. Онда 390 800 бала оқып, тәрбиелендi. Дәл осы мектепке дейiнгi ұйымдарда қарым-қатынас 7 тiлде жүгiзiледi. Атап айтсақ, қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, кәрiс, ұйғыр және немiс тiлiнде. Таза қазақ тiлiнде жұмыс iстейтiн 2572 мекемеде 158 900 бүлдiршiн тәрбиелендi. Мектеп жасына дейiнгi балалардың қалған үштен екiсiнiң қаншасы қазақтың қарадомалағы? Қаншама қазақтың баласының тiлi балабақшадан шұбарланады? Бұл жөнiнде әзiрге дерек жоқтың-қасы. 
1 наурыз 2011
6 МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ШЕТIНЕДI
Статистика агенттiгiнiң хабарлауынша, бүгiнде республика халқының саны – 16,4 миллион адам. Халық санының ең жоғарғы өсiмi – Оңтүстiк Қазақстан облысы, Астана және Алматы қаласында, ал азаюы – Солтүстiк Қазақстан облысында байқалған. Халық саны Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облысында Астана және Алматы қаласында – көшi-қон және табиғи өсiм есебiнен, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Павлодар облысында – тек табиғи өсiм есебiнен көбейген.
1 наурыз 2011
Айлық жалақысы 12 мың теңгеден сәл-ақ асады
Aлматы қаласы. Медициналық жедел-жәрдем бекетi. Аула iшi қаптаған көлiк. Бәрi бiр-бiрiне ұқсас, бiр-бiрiнен айнымайды. Сақадай сақ тұр. Қызмет бабымен асығуда...
– Сәлеметсiз бе, аға? Бағытыңыз қай көше? – дедiм жедел жәрдем қызметкер­лерiнiң бiр күндiк тiршiлiгiмен танысу үшiн арнайы келiп тұрғанымды айтқаннан соң.
– Жандосов – Береговойға кетiп барамыз, – дедi үстiне арнайы медициналық жедел жәрдем қызметiнiң киiмiн киген орта жас­тағы қызметкер Володия ағай ашулы үнмен. Аты да, заты да орыс болғанымен қазақ тi­лiне судай екен, ағып тұр.
1 наурыз 2011
Қоқыс терудi пешенеме жазған шығар
Аралдың экологиясынан қашып, Алматының қатал тiршiлiгiне тап болған Iле ауданы, Төлеби ауылының тұрғыны Айнагүл Кiшкентаева редакцияға келiп, мұң-шерiн төктi. Ауыр тұрмысын айтып, жанарына жас алды. «Телеарна қараймын. Билiктегi байшыкештер 40 мың долларлық киiм киiп, тайраңдайды. Ал ауылдағы жұрт тақ-тұқ тиын санап, қара нанды азық етуде. Мiне, бiздегi әлеуметтiк алшақтық қандай дәрежеге жеттi», – дейдi ол.  Айнагүл апайдың жолдасы 30 жасында екi аяғынан айырылыпты. 2009 жылы жүрек талмасынан көз жұмған. Қазiр отбасында – 7 жан. Несие алып, қарызға белшесiнен батыпты.
1 наурыз 2011

Астана қаласынан небәрi 28 шақырым қашықтықта тұрған Ақмола облысы, Целиноград ау­даны, Қажымұқан ауылының тұрғындары 5 жылдан берi жарықсыз, ауызсусыз, қоғамдық көлiксiз, қатқыл жолсыз түтiн түтетiп, тiршiлiк етiп жүр. Амалсыздықтан, шарасыздықтан. Ауыл халқының жанайқайынан аудан, облыс әкiмшiлiгi, «Нұр Отан» партиясы, тiптi бас уәзiр Кәрiм Мәсiмовтiң дәл өзi де құлағдар. Бiрақ «баяғы жартас – сол жартас». Ши сындырған ешкiм жоқ. «Мұндағы халықтың әл-ауқаты, өмiр сүру дәрежесi өте төмен. ХХI ғасырда емес, бейне бiр ХVIII ғасырда өмiр сүрiп жатқандаймыз», – дейдi ауыл тұрғындары. 

18 қаңтар 2011
Ауылдың құрдымға кетпеуi үшiн...
Қазақ үшiн алтын бесiк ауылдың орны бөлек. Бiрақ бүгiнде көптеген ауылдың түтiнi тоқтап, шаңырағы ортасына түсiп жатыр. Мұның барлығы ауылға деген салғырттықтан, жұмыстың жоқтығынан, күнкөрiс есебi үшiн қала жағалағандар санының көбеюiнен. Бiздiң Айыртау ауданы, Карасевка ауылының жағдайы басқа ауылдармен салыстырғанда бiршама жақсы. Учаскелiк емхана, кiтапхана, 11 жылдық мектебi мен селолық округтың әкiмшiлiгi жұмыс iстеуде. Мәдениет үйiнiң де ғимараты бар. Бiрақ жекеменшiкте. Күрделi жөндеуден өткiзудi қажет етедi.
18 қаңтар 2011
МӘСIМОВ БАСПАНА МӘСЕЛЕСIН МОЙЫНДАДЫ
Қазақстанда баспана мәселесiне тап болмаған адам жоқтың қасы. Дәл осы мәселенi мойындаған премьер-министр Кәрiм Мәсiмов былай дедi: “Жалпы, бiзде қалыптасқан тұрғын үй проблемасы сонау Кеңес заманындағы 60-70-жылдардан “хрущевка” деген атпен белгiлi. Бұл үйлер шамамен 20-25 жылға жоспарланған. Ал одан соң халық зәулiм, әдемi етiп салынған үйлерде тұрады деген жоспар болды. Бiрақ заман өз талаптарын басқаша қоюда. Нәтижесiнде, бiздiң бүгiнгi тұрғын үй қорымыз негiзiнен сол уақытта салынған үйлерден тұрады”.
18 қаңтар 2011
Байыпты барлау жұмыстарының нәтижесiнде өткен ғасырдың 60-жылдары Жезқазған аймағынан жерасты суының 8 iрi көзi табылды. Олардың ресурстары есебiнен ауызсу мен шаруашылық-тұрмыстық суға деген қажеттiлiк қамтамасыз етiлдi. Дегенмен, су мәселесi, дәлiрек айтсақ, оның тапшылығы күн тәртiбiнен әлi түбегейлi түскен жоқ. Әсiресе, ауызсуға зәрулiк уақыт өткен сайын айқын сезiлуде. Сумен жабдықтау көздерiнiң жетiмсiздiгi кезiнде Жезқазған жер­асты кенiн игеруге кедергi келтiрдi. Техникалық судың тапшылығы салдарынан өндiрiстiк процестер жиi бұзылды және Жезқазған ба­йыту фабрикасы мен мыс қорыту зауытының құрылысын бастау мә­се­лелерi бiрнеше мәрте кейiнге қалдырылды.
18 қаңтар 2011
Жетiмiн де жебеудi бiлмейдi-ау

Жыл сайын Атыраудағы қалалық орта мектептердi ондаған жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қал­ған жасөспiрiмдер бiтiрiп шығады. Олардың ары қарайғы тағдыр-талайы қалай жалғасын табады? Әдетте, жетiмдердiң өмiр жолы маңдайға жазылғандай анық: балалар үйi, одан соң оларды тездеп орта бiлiм беретiн кәсiби колледждер мен лицейлерге орналастырып жiберуге тырысады, кейбiрi жоғары оқу орындарына түсiп жатады. Әне-мiне дегенше жастар ер жетiп, 23-ке келедi. Шынын айтқанда, қорғансыз балалар үшiн “23” деген бұл сан құлаққа жазадай естiледi. Өйткенi осы жасқа дейiн ғана олар мемлекеттен бөлiнетiн пәтерге ие бола алады. Ал 23-тен кейiн олар ешкiмге керек емес...

16 қараша 2010
“Тұрмыс” ақпарат
ЖЕТIМ БАЛАЛАРҒА МҮМКIНДIК БЕРСЕ...
Бала кезiнен жетiмдiктiң тауқыметiн көрiп, 10 жыл бойы баспана кезегiнде тұрған Р.Бақтығалиева мен А.Ташкеновтi Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы әй-шай жоқ тiзiмнен алып тастапты. Нелiктен? Жас шамасы 23-тен асып кеткен­дiктен. “Егер ҚР Үкiметi бiз­дерге, жетiм балаларға, балалар үйiнде тәрбие алғандарға қисынға келетiн баға бойынша тұрғын үйдi жалға алуға және кейiннен оны бiртiндеп жеке­шелен­дiрiп алуға мүмкiндiк берсе, мемлекет бiрнеше мәселе­лердiң басын қайырған болар едi, – дейдi олар. – Мәселен,
16 қараша 2010
Аялдама түбi. Күндегi әдет. Қаптаған көлiк.   У-шу. Автобус. Бiрi келiп, бiрi кетуде.
– Тез, тез болыңыз. Тәте, тез мiнiңiз...
– Қазiр, көкем, қазiр...
Кондуктор апайдың қолынан тартып, iшке сүйреп кiргiзгендей болды. “Артқа жылжыңыздар. Орын көп қой, не тұрыс бұл?” – дедi сонан соң. Ығы-жығы. Адам көп. Кондуктордың қабағы қатулы. Ызалы. “Кеттiк, болды, кеттiк”, – деп жүргiзушiге айқай салды бiр уақытта. Соны күткендей ырғала-жырғала қоғамдық көлiгiмiз де орнынан қозғалды.
– Абая – Масанчидан бар ма?
16 қараша 2010
Үкiметтегiлер уылдырықтың буына мас болуда
АЛ АТЫРАУЛЫҚ БАЛЫҚШЫЛАР ӨЛМЕСТIҢ КҮНIН КӨРIП ЖҮР
Уылдырығымен дүние жүзiне мәлiм болған «АтырауБалық» монополиясы үкiмет иелiгiне көштi. Ал атыраулық балықшылардың бiрсы­пырасы әлi ау сала алмай, нәпақасыз жүр.  Қазақстан 2011 жылдан бастап 10-15 жылға дейiн табиғи су қоймаларынан қызыл балық түрлерiн аулауға тыйым салмақ. Өйткенi, дәл қазiр теңiзде де, өзенде де аулайтын балық азайып барады. Дегенмен, өткен жазда Атырауда жиналыс ашқан бас прокурор Қайрат Мәми қызыл балықтың мәселесiне шұқшия тоқтаған. “Былтыр бар бол­ғаны 50 тонна қызыл балық ауланған. Ал бұл 70-жылдармен салыстырғанда 162 есе аз” деген-дi сонда.
14 қыркүйек 2010
«ЕЛУЛIККЕ» ЕНУIМIЗ ЕКIТАЛАЙ
Дүниежүзiлiк экономикалық форумы зерттеу жүргiзiп, «Жаһандық бәсекеге қабiлеттi –2010-11» атты құжат жариялады. Онда дүниежүзiнiң 139 елi сынға түсiп, экономикасы сарапқа салынды. Зерттеу нәтижесiнде Қазақстан елу елдiң қатарында емес, 72-орынға тұрақтапты. Бiрiншi орынды – Швейцария, екiншi орынды – Швеция, үшiншi орынды – Сингапур қанжығасына байлаған. ТМД елдерi бойынша, Әзiрбайжан – 57, Ресей – 63-орынды мiсе тұтқан.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4»