1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті. Дайындайтын Дилара ИСА
14 қыркүйек 2010
«Жер телiмiн, не жалға пәтер алуым тек президенттiң қалауында»

«Арал экологиялық апат аймағында туып, 18 жасымда дертке шалдыққанымды, дәрiгерлердiң нұсқауымен қоныс ауыстырғанымды, отбасымның нашар күнкөрiсiн, бастысы – Қазақстан заңнамаларын және президентке хат жазғанымды ескерiп, Алматыдан жер телiмiн бередi деп үмiттенген едiм», – дейдi редакцияға хат жазып, көмек сұраған Қайрат Әлиев. Оған Алматы қаласының жер қатынас­тары басқармасы былай деп жауап берiптi: «Алматы қаласы әкiмдiгiне жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телiмiн беру туралы 100 000 азаматтан өтiнiш түскен. Мұндай қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн 12 000 гектар бос жер телiмi керек. Ал Алматы қаласының шегiнде мұндай жер телiмi жоқ».

14 қыркүйек 2010
Шәлкөденiң шыжығынан қызығы көп

Мал шаруашылығын дөңгелетiп жүргендердiң тыныс-тiршiлiгiмен танысу үшiн Шәлкөде жайлауына ат басын бұрдық. Мұнда Алматы облысы, Райымбек және Ұйғыр ауданы тұрғындарының малшы-қойшылары 6,8,12 қанатты киiз үйдiң керегесiн керiп, қоныстаныпты. Шiлдедегiдей белден келер жасыл шалғын болмаса да, жайлаудың табиғаты тамаша. Шәлкөденiң жайма-шуақ тiршiлiгiн көзбен көрiп, май-құртынан, бал қымызынан дәм таттық.

15 маусым 2010
ДОСҚАЛИЕВТIҢ НЕ ОЙЛАҒАНЫ БАР?
ҚР Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Досқалиев тағы бiр бағдарлама қабылдап, өз саласында қордаланып қалған мәселелердi шешпек. Бұл қандай жаңа бағдарлама дейсiз ғой? 2011-15 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» атты бағдарлама. Басты мақсат – азаматтардың денсаулығын жақсарту және елдiң орнықты әлеуметтiк-демографиялық дамуын қамтамасыз ету. Ал бағдарламаны орындауға мемлекеттiк бюджеттен 550 миллиард теңге шамасында қаржы бөлiнбек.
15 маусым 2010
Оралмандар оңтүстiкке қоныстануға құмар

Қазақылығының қаймағы бұзылмаған өлкенiң қонақжайлығының, дархан көңiлiнiң, ықылас-мейiрiмiнiң айқын айғағы шығар, тұрғындар саны үш миллионға жуықтап үлгерген елiмiздегi ең халқы көп облыс –Оңтүстiк Қазақстанға оралмандар қоныстануға құмар-ақ. Әбдiбақыт Мақұлбаев басқаратын облыстық көшi-қон департаментiнiң дерегiне жүгiнсек, тәуелсiздiк туы тiгiлгелi оңтүстiкке қоныстанған оралмандардың саны (2010 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мәлiмет бойынша) 50 150 отбасыға немесе 172 985 адамға жетiптi. Бұл атажұртқа қоныс аударған

15 маусым 2010
Алматының жертөлесi де – баспана

Алматының «Көкбазары» маңындағы «жетiмбұрыш» қайнап тұр. Бiреу баспана iздеп жүрсе, екiншiсi жалға алушы таппай сарсаң. Үшiншiсi – делдал. Төртiншiсi... Әйтеуiр, күнкөрiс үшiн жанталасып жатқан жұрт. Қарбалас тiрлiктiң шыж-быжын көрiп, танысу үшiн «жетiмбұ­рышқа» енiп кеттiк. Әр жерде iлулi тұрған қағаздар­ға үңiлiп, делдалдармен саудаласып жүргендер де, пәтер иесiмен келiсе алмай керiлдесiп жүргендер де мол-ақ. «Времянка» деген жазуды қолына ұстап, «клиент» iздеп жүргендер де кездеседi.

20 сәуір 2010

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӨЛЕМАҚЫНЫҢ МӨЛШЕРI ӨСУI МҮМКIН

«Балаларым балабақшаға барады. Кеше 1 айлық төлемақының түбiртегiн алдым. Наурыз айына қарағанда сәуiр айының төлемақысы қымбаттап кетiптi. 1000-1500 теңгеге. 1 айда төлемақының мөлшерiн неге бұлай көтерiлдi? Мән-жайды анықтап берсеңiздер», – деп қоңырау шалған Алматы қаласының тұрғыны Қуаныш ағайдың сауалына Алматы қалалық бiлiм басқармасының мамандары былай деп жауап қайтарды:

20 сәуір 2010
Қартайғанда  мынадай «дәулет» таптық

 «Қарты бар үйдiң қазынасы бар» дейдi дана халқымыз. Бүгiнде осы қазынамызды қай дәрежеде қадiрлеп, алақанға салып жүрмiз? Ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың хал-жайын, тыныс-тiршiлiгiн бiлмек болып Алматы қалалық ардагерлер үйiнiң есiгiн аштық. Табалдырығын аттадық. Үлкен дәлiз. Ары-берi жүрген қарттар есiкке үмiтпен қарап тұрғандай. Кезекшiге мән-жайды айттық. Мекеме басшысын күтiп тұр­ған кезде ардагерлер үйiнiң тұрғыны 64 жастағы Динара Адамбековамен тiлдестiк.

10 наурыз 2010
«Қошмамбетпен» бiрге және 4 елдiмекендi толықтай коммуникациямен қамтамасыз етуге мүмкiндiк жоқ

Алматы облысы, Қарасай ауданы әкiмiнiң орынбасары Едiл Қалиев “Жас Алаштың” арнаулы бетi “Тұрмыста” жазылған “Қошмамбет, сенi қайтейiн?!” атты мақалаға (№7, 26 қаңтар, 2010 жыл) ресми түрде мынадай жауап хат жiбердi: “Аудан әкiмдiгiнiң тапсырмасы бойынша, “Қошмамбет – 2” ауылы тұрғындарының шағымы, “Жаңа Шамалған” ауылдық аумақ әкiмдiгiнде қаралды. Аталған ауылдық аумақтың 7 елдi­мекенiнде 1989 жылдан берi Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркiменстаннан көшiп келген оралмандар көптеп қоныстанған.

10 наурыз 2010

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың назарына!  Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалардың ата-аналарына ай сайын 15 мың теңге шамасында жәрдемақы төлеу туралы заңның күшiне енгенiн хабарлады. Дұрыс-ақ. Бiрақ, 18 жастан асқан кемтар балалардың ата-аналары елеусiз қалды. Неге? Жоқ әлде заң шығарушы шенеунiктер мүгедек бала 18 жастан асқаннан кейiн аурудан айығып кетедi деп ойлай ма?

10 наурыз 2010

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевтың ресми мәлiметiне сүйенсек, соңғы 10 жылда Қазақстанда 37 450 бала асырап алынған. Оның iшiнде 8 мыңнан астам баланы шетелдiк азаматтар асырап алды. Нақтылап айтсақ, АҚШ-қа – 6406, Испанияға – 600, Бельгияға – 343, Германияға – 173, Канадаға – 167, Ирландияға – 140, Францияға – 131 бала кеткен. Жас шамасын да тiлге тиек етсек: 1-3 жас аралығындағы балалардың саны – 5892, 4-6 жасқа дейiнгiлер – 1278, 7 жастан жоғарғысы – 999. Өкiнiштiсi, 10 жылдың iшiнде қазақ 3752 жетiмiн шетел асырыпты.

10 наурыз 2010
«7 баламмен Астанада қаңғып жүрмiн»

Шолпан Калингараева 7 баласымен Астана қаласындағы “Ударник” бақ өсiру қоғамы саяжайында қуыстай екi бөлмелi үйдi паналап, өлместiң күнiн кешiп жүр. Балапандары да әлi жап-жас. Тұңғыш қызы – 20, кенжесi – 4 жасқа толды. “Жаз мезгiлiнде екi ай ашық аспан астында жаттық. Қатты аязда пәтерсiз қалдық. 1 жыл толды, үкiмет жәрдемақы да бермей қойды. Жұмыссызбын. Балаларымның киерге киiмi, дастарханға қояр асым жоқ.

26 қаңтар 2010

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың айтуынша, өткен жыл Қазақстанның еңбек нарығында күрделi кезең болыпты. “2008 жылдың күзiнен бастап елде жұмыссыздар саны артты. Жұмысшыларының жалпы саны 135 мың адамды құрайтын 264 кәсiпорын өндiрiсiн толықтай және жарым-жартылай тоқтатты. 25 мың адам жартылай жұмыс күнiмен қамтылса, 15 мың 600 адам еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шықты”,

26 қаңтар 2010

“Үш балам бар. Күйеуiм жалданып, қара жұмыс iстейдi. Малымыз жоқ. Диқаншылықпен айналысайық десек, егiндiк жерiмiз тағы жоқ. Әлеуметтiк жәрдемақы алмаймыз. Күнкөрiсiмiз мүшкiл болып тұр. Сiздерден сұрайтыным, күнкөрiсi қиын отбасыға мемлекет тарапынан қандай көмек қарастырылған? Көмек болса, қандай құжаттар керек екенiн бiлiп берсеңiздер екен”.

26 қаңтар 2010
«Министрдiң бәрi бақытты, қойшының бәрi бақытсыз емес»

Әлi есiнде... 1989 жылы “ПМК” деген құрылыс мекемесiнде жұмыс iстеп жүрген кезi. Жамбыл ауданының бiр ауылынан үлкен мектеп салды. Ғимараты биiк, еңселi, әп-әдемi болып шықты. Бiр қауым елге үлкен қуаныш сыйлап, ауыл ақсақалдарынан бата алып қайтқан-ды сол жолы... Арада төрт-бес жыл өттi ме, жоқ па... бұған бiр құрылысқа қызыл кiрпiш керек боп қалғаны... Жасыратыны жоқ, ол кезде көптеген кiрпiш зауыттары тоқтап қалғандықтан кәсiпкерлер ескi ғимараттарды бұзып алатын. “Пәлен жерде кiрпiш бар” дегендi естiп барса

26 қаңтар 2010
«Тұрмысымыз...осындай»

«Сананы тұрмыс билейдi» деген қанатты сөздiң бары да рас. Иә, көп мәселе тұрмысқа, бiздiң тұрмысымызға байланысты. Бiз қалай күнелтiп жүрмiз? Тұрмысымыз қай деңгейде? Осы сауалдарға жауап iздеп, бiрнеше адамды әңгiмеге тартқан едiк.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4»