1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті. Дайындайтын Дилара ИСА
26 қаңтар 2010
«Қошмамбет», сенi қайтейiн?!

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты “Қошмамбет-2” ауылы Алматы қаласынан небәрi 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда дәл қазiр шамамен 150 отбасы күнелтуде. Бұлардың басым көпшiлiгi көршi Өзбекстаннан көшiп келген қазақтар. Әрбiр отбасында орташа есеппен алты жан бар. Яғни, дәл осы елдiмекенде бүгiнгi күнi тоғыз жүзге жуық адам түтiн түтетiп, тiршiлiк жасауда. Әйткенмен, алғашқы шаңырақтың қазығы қағылғанына бес жыл толса да, қатқыл жол төселмеген, ауызсу жоқ, көгiлдiр отын тартылмаған, қоғамдық көлiк жүрмейдi.

17 қараша 2009
Адам өмiрiн неге қияды?

«Өмiрдiң еш мағынасы қалмады. Пәниде маған орын жоқ. Қош бол, жарық дүние. Қош болыңдар, бәрiң де. Қош...».
Бұл Алла берген ғұмырын өз қолымен қиған пенденiң соңғы сөзi. Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiнше, дүние жүзiнде әр жиырма секунд сайын бiр адам осылайша өмiрмен қоштасады. Жылына әлемде он миллион адам өзiне-өзi қол жұмсауға барады. Ал Қазақстан суицид (өзiне-өзi қол жұмсау) көрсеткiшi бойынша әлемде үшiншi орынға шықты.

17 қараша 2009
Ескiрген баспананың ескi жыры

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРIНIҢ ҮМIТI ҚАШАН АҚТАЛАДЫ?

Жақында «Жас Алаш» газетiнiң аймақтағы тiлшiсiн iздеп таяққа сүйенген қарт әже келдi. Өз бетiмен жүре алмайтын болған соң, оны сүйемелдеп қызы жүр екен қасында. Кеудесi толған орден-медальға қарап қарт әженiң алдында басымды идiм. Өйткенi, ол онсыз да санаулы қалған Ұлы Отан соғысы ардагер­лерiнiң бiрi едi. Ол өзiн «мерген Мафтуха Рыспаева» деп таныстырды ресми түрде.

17 қараша 2009

Үкiметтiң «2010-12 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ма­құл­данды. Әдеттегiдей билiк «халықтың әлеу­меттiк жағдайын жақсарту үшiн жеңiлдiктер жасадық» деп бұлбұлша сайрауда. Ақиқатында бұл жаңалық елдiң ең­сесiн көтердi ме? Тұр­мыс-тiршiлiгiн түзе­дi ме? Таразылап көрелiк.

17 қараша 2009

Жетiмдер жайында ащы шындықты жазып, жарияладыңыздар. («Жас Алаш», №76, 22 қыркүйек, 2009 ж.). Осы мәселеге байланысты мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрiп отырмын. Асылы, жетiмдер үйiндегi жағдай былайғы тiршiлiкте де орын алуда. Мәселен, менiң Лена атты медбике досым дәм-тұзы жараспай бiрiншi күйеуiмен ажырасты. Қолында ұлы болса да. Сөйтiп, үш баласы бар отбасылы еркекпен жүрiп, тағы бiр ұл тапты. Ол досымды тастап, өз отбасымен кеттi. Ал құрбым басқа үш баласы бар жүр­гiзушiге тұрмысқа шықты. Отау құрғанына бiр жылдай уақыт толды.

17 қараша 2009
«Жас Алашта» жаңалық

Құрметтi оқырман қауым! Әлеуметтiк тақырыптарға арналған «Тұрмыс» атты арнайы беттiң беташарын жасап жатқан жайымыз бар. Мақсат – қоғамдық маңызы атан түйеге жүк боларлық өткiр мәселе­лердi тағы бiр қырынан қозғау. Елдiң тыныс-тiршiлiгiн көрсетiп, мұң-мұқтажын айтып, қуанышын жеткiзу.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4