Жыл сайын жарияланатын Forbes журналының миллиардерлер тiзiмiне биыл Қазақстанның 5 адамы iлiктi.
Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң баспасөз қызметi таратқан ақпаратқа қарағанда, алдағы тәулiктерде Қазақстанның солтүстiк және шығыс аймақтарында бұрқасын болуы ықтимал.
Наурыз айының 8-i күнi Павлодардың перинатальдi орталығында дүние есiгiн жаңа ашқан сәби көз жұмды.
Семейде кешкiсiн қалалық перзентханада жарықты сөндiрiп тастаған.
Депутат Аменгелдi Момышев Алматыдағы метро құрылысын тоқтатуды талап еттi.
Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов «Время» басылымына берген сұхбатында әкiмшiлiктiң Шымбұлақ пен Медеу маңындағы заңсыз салынған құрылыстарды бұзуға қаржысы жоқ деп мәлiмдедi.
Голливудта жұмыс iстеп жүрген кинорежиссер Тимур Бекманбетов Лос-Анджелес маңынан қазақ мәдениетiнiң паркiн салмақшы.
Зағипа Балиева Аналар күнi және Әкелер күнi деген мерекелердi енгiзудi ұсынды. «Аналар күнiн сәуiр айының алғашқы сенбiсi немесе жексенбiсiне, әкелер күнiн басқа айдың алғашқы сенбiсi мен жексенбiсiне белгiлеуге болады», – дедi ол
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз мерекесi қарсаңында Қазақстан әйелдер қауымдастығының өкiлдерiмен кездесiп, алдағы мейрамымен құттықтады.
Сейсенбi күнi «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен «Кедендiк одақ және Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесi» атты дөңгелек үстел болды.
«Азаттық радиосының» хабарлауынша, Мұхтар Әблязов ел президентiнiң ортаншы күйеубаласы Құлыбаевқа қарсы бастаған шабуылын үдете түстi.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Қажымхан Мәсiмовтiң адам құқығын қорғаушы Талас Сағымбаевтың үстiнен түсiрген талап-арызды қараудан бас тартты.
Ресейдiң Ғарыш агенттiгiнiң басшысы Анатолий Перминов Қазақстан орыстардың ғарыштық қызметiн шектеуге ұмтылуда деп байбалам салды
Қазақстан кәсiпкерлерiнiң кеңесiнде бас прокурор Қайрат Мәми президент Нұрсұлтан Назарбаевқа күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың үстiнен түскен Әблязовтiң шағымдарын заңға сәйкес қабылдауға мәжбүр екенiн айтып ақталды.
Алматы IIД қылмыстық полиция басқармасының iздестiру бөлiмiнiң қызметкерлерi ұзақ уақыт бойы халықаралық iздеу жарияланған Рахат Әлиевтiң сыбайласы – Нұрлан Әкiмқұловты тұтқындады


