1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
9 ақпан 2010
Мұқағали Мақатаев — 80

Ақынның туғанына 80 жыл толуына орай туған ауылы Қарасазда мерекелiк iс-шараларды дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру алқасының отырысы өттi. Қыс көзi қырауға қарамастан, отырысқа Алматы облысының әкiмi әрi алқа төрағасы Серiк Үмбетовтiң өзi келдi.

Ақиық ақынның мерейтойы қарсаңында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Мұқағалидың әдеби-мемориалдық музейiне, Қарасаз ауылдық мәдениет үйiне күрделi жөндеу жүргiзiлiп, Нарынқол — Қарасаз тас жолы мен ауыл iшiндегi жолдар тегiстелетiн болды. Сондай-ақ, алқа мүшелерi ақын туралы естелiк жинақтар шығарып, мерейтойын республикалық деңгейде атап өту үшiн қажеттi шараларды қолға алуға уағдаласты.     
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар