1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
9 ақпан 2010
«Қоғамды өкiл күйеубаладан тазартайық!»

Мұхтар Әблязов электронды пошта ар­қылы қазақ қоғамына хат жолдапты. Онда былай дейдi: «Бiз бас-аяғы жиырма жылдың iшiнде ұсақ сауда-саттықтан әлемнiң қор биржасына дейiн көтерiлдiк. Бұл жолда әркiмнiң өз талай-тағдыры болғанымен, бiз әрқашан мемлекетiмiз­ге сендiк. Өкiнiшке қарай, сенiм ақталмады. Қазақстанда билiктен шыққан бизнесмендер шоғыры пайда болды. Бұлар мемлекеттiк құзыреттi жеке басының қамына арсыздықпен пайдаланды. Осындай топтардың бiрiн пре­зиденттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаев басқарады.

Менiң қолыма түскен құжаттар — бопсалау мен сыбайлас жемқорлықтың айқын дәлелi. Бұл жайттар жемқорлық айсбергiнiң су бетiндегiсi ғана. Қазақстан халқы ұрлық-қарлыққа тос­қауыл қоюы керек. Мұны тек бiрiгу арқылы ғана iске асыруға болады. Бiрiккенде ғана өкiл күйеу­баланы жауапқа тарта аламыз».
М.Әблязов интернет-сайт құрып, жемқорлыққа қатысты деректердi сол мекенжайға жiберудi сұрапты. Әблязовтiң бұл әрекетi 2001 жылғы саяси дағдарысты еске түсiрдi. Ол кезде үлкен «өкiл күйеубаладан» көрiп едiк көресенi...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Нарынқол | 9 ақпан 2010 12:56
Әбләзовтың интернет спйтын білетіндеріңіз жазып жіберсеңіздер екен.
Мухтар Аблязов | 9 ақпан 2010 16:17
Присылать информацию о зяте президента Тимуре Кулибаеве на электронный ящик muhtar.ablyazov@gmail.com предложил в обращении к бизнесменам и предпринимателям Казахстана Мухтар Аблязов. Очистим Казахстан от Крестного Зятя!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар