8 қазан 2009
Жағымсыз әдеттiң жұғымтал келетiнi несi екен?
Орталық Азия мемлекеттерi басшыларының кейбiр жағымсыз әдетi Тәжiкстан президентi Эмомоли Рахмонға да жұғыпты. Эмомоли Рахмонның туған қызы Оздан Рахмон Тәжiкстан Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары боп тағайындалды.
Әрине, бұл жерде «кадр тапшылығы» туралы сөз етудiң орынсыз екенi де белгiлi. Шетел баспасөзiнiң мәлiметiне сенсек, өз қызының министрдiң орынбасары болғанын ең алдымен әкесi құп көрiптi.




