10 наурыз 2010
Балиевалық жаңа мерекелер
Қазақстанда не көп, мейрам көп. Атап айтқанда, әр мамандықтың төл кәсiби мейрамдары, тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi ұлттық мерекелерiмiз, мұсылман мен православ христиандарының дiни мейрамдары, ресми түрде белгiленбесе де белгiленгеннен кем тойланбайтын бұрынғы кеңестiк мейрамдар... Ендi мiне, күнтiзбемiз тағы да жаңа мейрамдармен толығуы мүмкiн. Мәжiлiс депутаты Зағипа Балиева Аналар күнi және Әкелер күнi деген мерекелердi енгiзудi ұсынды. «Аналар күнiн сәуiр айының алғашқы сенбiсi немесе жексенбiсiне, әкелер күнiн басқа айдың алғашқы сенбiсi мен жексенбiсiне белгiлеуге болады», – дедi ол «Нұр отан» партиясы ғимаратында өткен 8 наурызға арналған салтанатты жиында. «Нұротандықтар» бұл ұсынысты бiр ауыздан қолдады.
Ерiккен адамның ойына не келмейдi. Тарихи даталарға, айтулы оқиғаларға, ұлттың жеңiстерiне, наным-сенiмiне қарай мерекелердi халықтың өзi таңдауы керек емес пе? Әр мерекенiң тарихи немесе дәстүрлiк негiзi болуы шарт. Ал бiр депутаттың қиялын құптап қабылдана салған мерекенi бұрын-соңды көрген адам бар ма екен?!





Уәж айту