1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Н.Назарбаев Астанадағы жаңададан ашылған оқу орнын «әлемде жоқ» деп бағалады. «Назарбаев университетi» несiмен ерекше деп есептейсiз?
Оқу ақысының қымбаттығымен (22.4%)
Ашыла салып, Оксфорд пен Кембридждi «басып озғанымен» (13.7%)
Президенттiң аты берiлуiмен ғана ерекше (38.8%)
Ортаңқол оқу орындарынан ешқандай да ерекшелiгi жоқ (25.1%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
10 наурыз 2010
Шымбұлақ пен Медеу маңындағы коттедж иелерi кiмдер?

Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов «Время» басылымына берген сұхбатында әкiмшiлiктiң Шымбұлақ пен Медеу маңындағы заңсыз салынған құрылыстарды бұзуға қаржысы жоқ деп мәлiмдедi. Ол үшiн жарты миллиард доллардай қаржы керек екен. Таңғаларлығы – прокуратура мен басқа да құқық қорғау органдары тексерген кезде 350 нысанның екеуi ғана ресми түрде рәсiмделмеген болып шыққан. Олар – орта мектеп пен «Медеу» мұз айдыны! Рәсiмделген коттедж­дердiң бесеуiнде заңбұзушылық бар. Жекеменшiк­ке сатуға болмайтын жерлер­дi сатуға рұқсат бергенi үшiн Алматы әкiмiнiң екi орынбасары – Яков Заяц пен Қайрат Бөкенов жұмысынан босатылған. 2008 жылы Алматы әкiмшiлiгi Медеу мен Шымбұлақ маңындағы жекеменшiкке өткен жерлердi шен-шекпенiне қарамастан қайтарып алу туралы қаулы бекiткен-дi. Бiрақ ол қаулы әлi толық орындалмаған. Мәселен, Лейла Храпуновадан 2 489 шаршы метр жердi алғанымен, оның коттеджiнiң маңындағы 186 шаршы метр жердi қал­дыр­ған. «Форбс» журналының тiзiмiндегi Алиджон Ибрагимовтан 2 016 шаршы метр жердi алып, 327 шаршы метр жерi бар екiншi жер телiмiне тимеген. Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбе­товтiң, бұрынғы ҰҚК басшысы, қазiргi президент кеңесшiсi Амангелдi Шабдарбаевтың, мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшiсi Болат Өтемұратовтың (тағысын тағылар) жер телiмдерi жарым-жартылай ғана алынған.

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Қазақ | 10 наурыз 2010 12:20
Барлығы мемлекеттік қызметкерлер алған ба сонда Шыңбұлақтың жартысын, ал қарапайым халық 0,8 соттық жер тапай отырғанда , 2030 жылға қалай жетеміз біз сонда осылай кете берсе
Хамитхожаева Куләйхан Жұманқызы | 12 наурыз 2010 17:23
Салем бердік ешқашан шаршамайтын "ҚАЗАҒЫМ". Қазақ халқының шаршамағанына өте қуаныштымын. Олай істемесек Қазақ боламыз ба? "Барды" алып жеуге - ерінетін Қазағым, құлап жатып, сүрінгенге күлетін Қазағым, басында от болса да, шоқ түскенге күлетін Қазағым, иығымен демеп тұрып, аяқтан шалатын Қазағым, Иә Қазағым, басымызда мініміз көөөп қой. Бірақ біз Қазақтар Алланың сүйікті құлымыз ғой. Өйткені нәсібіміз мол, төрде төр көрпенің үстінде шалқайып жатсақта, бізге Қазақтарға Алла тағалам нәсіпті форточкадан береді. Ылайым осылай болып аман болып жүре берейік. Алла тағалам баршамызға төзімділік, шыдамдылық, сана және үлкен мәртебе берсін. Өздеріңіз сияқты бір Қазақтың қызы Куләйхан.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар