1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Н.Назарбаев Астанадағы жаңададан ашылған оқу орнын «әлемде жоқ» деп бағалады. «Назарбаев университетi» несiмен ерекше деп есептейсiз?
Оқу ақысының қымбаттығымен (22.4%)
Ашыла салып, Оксфорд пен Кембридждi «басып озғанымен» (13.7%)
Президенттiң аты берiлуiмен ғана ерекше (38.8%)
Ортаңқол оқу орындарынан ешқандай да ерекшелiгi жоқ (25.1%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15478) 12 наурыз, жұма 2010
12 наурыз 2010
Forbes тiзiмiнде қазақстандық 5 миллиардер бар

Жыл сайын жарияланатын Forbes журналының миллиардерлер тiзiмiне биыл Қазақстанның 5 адамы iлiктi. Солардың iшiндегi ең байы – Владимир Ким. Оның 3 миллиард 700 миллион АҚШ доллары бар. Екiншi орында 3 миллиард 300 миллион АҚШ долларына ие Алиджан Ибрагимов тұр. Қалған үшеуi – Тимур Құлыбаев, Динара Құлы­баева және Нұржан Сұбханбердин. Олардың әрқайсысының 1 миллиард 100 миллион АҚШ доллары бар.

Әлемде «долларлы» миллиардерлердiң саны мыңнан асқан. Форбс журналының биыл­ғы тiзiмi бойынша, әлемдегi ең бай адам – мексикалық телекоммуникация магнаты Карлос Слим. Оның қаржысы – 53,5 миллиард АҚШ доллары. Көршi Ресейде миллиардерлер жаңбырдан кейiнгi саңы­рауқұлақтай қаптап кетiптi. Ресейлiк миллиардер­лердiң жалпы саны – 62 адам.
Microsoft негiзiн қалаушы Билл Гейтс (53 миллиард АҚШ доллары) екiншi орынға, американдық инвестор Уоррен Баффет (47 миллиард АҚШ доллары) үшiншi орынға сыр­ғыған.
Бiздi таңғалдырғаны,бұл тiзiмге 3,3 миллиард доллары бар А.Машкевич Израиль­дiң, дәл сондай қаржысы бар П.Шодиев Белгияның азаматы ретiнде iлiгiптi.   
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (11)
рауан елубаев | 12 наурыз 2010 19:01
карапайым казактын калтасынан байыгандарды кабыргага тургызып атып тастау керек: курметпен РАУАН СИРГЕЛИ казак ултшылы
Әбдірашит Б. | 13 наурыз 2010 10:45
Ким, Ибрагимов, Шодиев, Машкеевич ... т.б. дегендерді "қазақ миллиарделері" деп атаған жалпы қазақтың намысына тиеді. Себебі, олар әлдеқашан шет ел азаматтары. Екіншіден, "олардың байлығы қандай әдіс-тәсілдермен құралды? дегенде - біз өзіміздің бейшара күйімізді мойындауға тиісті боламыз: "біздің шешелеріміз қалжа жемеген екен, ұлдарымыз уызына жарымай қалған екен" дегендей... Үшіншіден, сол арқылы біз ол байлық заңсыз, әділетсіз жолмен құралды" деген сөзден бас тартуға мәжбүрміз. Олардың баю көзін болашақта ешбір тергеу болмасын деп айтқан болып шығамыз. Төртінші, онда "Қаз-н байлығын халқына қайтару қажет" деп те айтуға құқымыз болмайды екен. Сондықтан журнал редакциясынан Машкеевичті - Израил, Шодиевті -Белгия, Кимді - ағылшын т.т. миллиардерлері деп атауды қоғам атынан талап етуді ұсынамын!
мара | 13 наурыз 2010 13:35
бізде солай ғой. арқашан байыған адамдар. басқа елдің азаматы болып шыға келеді.
нерв | 13 наурыз 2010 16:28
Мен Казакстанды суйемин!
ЕРНУР | 15 наурыз 2010 00:40
соншама миллиардер казахтар акшаларынын жартысын спорттын дамуына,, ауылдагы жетімдерге, медицинанын дамуына, улттык дастурді дамытуга, кайырымдылыкка жумсаса шіркін, Казахтын мунайын сатып, паракорлык жасаган шенеуніктер гой ап анык!!
ЕРНУР | 15 наурыз 2010 00:42
бюджетте акша жок дей беріп калталарын толыктырып жатыр екен сумырайлар
жанашыр | 15 наурыз 2010 05:00
ату керек, ату керек дейміз, касынан табылсак одан аскан бізге табылмас еді. бұл көре алмушылық емес, дегенмен де осындай зымияндарды арамыздан жіберіп откан өзіміз!!!!
Патриот | 15 наурыз 2010 11:42
Қазақтың ата-бабасынан мұра қалғын байлықтың рахатын қазақтан басқасының барлығы көріп жатыр ғой... Әттең тоңның келтесі ай!
Гулбакыт | 15 наурыз 2010 11:50
Осы көп ақшаларын форбес журналына жіберіп мақтанғанша елдің пайдасына тигізбей ме
4444 | 15 наурыз 2010 15:29
осы айтылган байсымак казакстандыктар американдык Уоррен Баффет сиякты ен болмаса пайдалы инвестициямен айналысса болар еды гой, кайдагы быр Коктобедегы кымбат ресторандарда кымбат шетелдык аншилерды шакырып юбилей откызып ысырап жасаганша! айт-айтпа не керек!? бары далбаса!
Таян қаған | 15 наурыз 2010 22:29
Найманда "Көтере алмаған шоқпар басқа да көтке де тиеді" деген сөз бар!
Қазақ өз байлығына ие бола алмаса онда "Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетер" дейді.
Қойдай топырлаған қазақ әлі талай тоналады! Жылқы мінезді қазақ баяғыда құрып, қызыл кітапқа еніп кеткен, ағайындар!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар