1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16151) 30 тамыз, сейсенбі 2016
30 тамыз 2016
Азаматтық белсендiлер абақтыда қалды

Атырау қалалық соты жақында тергеу абақтысында көшпелi отырыс өткiзiп, азаматтық белсендiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қамауда ұстау мерзiмiн 30 қыркүйекке дейiн созу туралы үкiм шығарған. Бұл туралы Боқаевтың адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

 Сот отырысында прокурор ҰҚК-нiң Атырау облысы бойынша департаментi тергеу тобының басшысы Амангелдi Әбуғалиевтiң азаматтық белсендiлер Боқаев пен Аянды қамауда ұстау мерзiмiн созу туралы өтiнiшiн жеткiзген. Тергеу тобының басшысы қорғаушы тарапқа iс материалдарымен танысуға тағы бiр ай қажет деп есептейдi. Бұған қоса, тергеу тобы «күдiктiлер қашып кетуi немесе iстiң сотта қаралуына кедергi келтiруi мүмкiн» деп қауiптенедi.
Боқаев пен Аянның адвокаттары соттан күдiктiлердi үй қамаққа ауыстыруын немесе жеке жауапкершiлiкпен босатуын өтiнген.
 Макс Боқаев пен Талғат Аян 17 мамырдан берi қамауда отыр. Оларға араздық туғызды, заңсыз шеру ұйымдастырды және тағы басқа айыптар тағылған. Олар Атырау қаласында жер реформасына қарсы 24 сәуiрде өткен жаппай наразылық шеруiнен кейiн ұсталды. Бел­сендiлер тағылған айыптардың барлығымен келiспейдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар