1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16151) 30 тамыз, сейсенбі 2016
30 тамыз 2016
Ресей райынан қайтты

Ресей премьер-министрi Дмитрий Медведев Ресей мен Түркия арасындағы чар­терлiк ұшу­ларға салынған тыйымды алынып тастау туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлық бойынша, әуе компаниялары Түркияға ұшатын жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қосымша iс-шаралар қабылдауы тиiс. Тыйым алынып тасталған соң, ұшуға рұқсатты Росавиация беретiн болады.
Ресейден Түркияға чартерлiк әуе қатынас­тары 2015 жылы желтоқсанда тоқтатылған. Сол кезде Сириямен шекаралас ауданда ресейлiк бомбалаушы ұшағын түрiк әскерi атып түсiрген едi. Биыл маусым айында Түрiк президентi Режеп Ердоған қаза болған ұшқыш отбасына көңiл айтты. Содан кейiн Ресей президентi Владимр Путин Түркияға жолдамалар мен чартерлiк тасымалдарға қойылған шектеулердi алып тастауды бұйырды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар