1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16151) 30 тамыз, сейсенбі 2016
30 тамыз 2016
Көлiк жүйесiн қарызға жаңартамыз

Азия даму банкi (АДБ) Қазақстанға елдiң “көлiк жүйесiн жаңғырту” үшiн 240,3 миллион доллар көлемiнде несие берудi мақұлдады. Бұл туралы АДБ-ның ресми сайтында хабарланды.

АДБ-ның мәлiметiнше, жоба аясында Батыс Қазақстандағы Ақтөбе – Мақат жолының қарау­сыз қалған 299 шақырым бөлiгiн қалпына келтiру жоспарланған. Бұл жол Қазақстанды батысында Әзiрбайжан және Еуропамен, солтүстiгiнде Ресей, оңтүстiгiнде Түркiмен­станмен жалғайтын Транскаспий транзиттiк маршрутының бiр бөлiгi саналады. АДБ бұл жоба аясында Астана, Ақтөбе, Атырау және Қазақстандағы жалғыз портты қала – Ақтау арасында көлiк байланысы орнатылады дейдi.
 Экономиканың күретамыры, сауда мен байланыстың өзегi болатын жол-көлiк жүйесiн жөндеген, жаңалаған жақсы ғой. Бiрақ осындай мәселенi өз күшiмiзбен шешудiң орнына, өзгенiң қолына қарағанымыз дәрменсiз күйiмiздi көрсетпей ме?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар