1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (16186) 29 желтоқсан, бейсенбі 2016
29 желтоқсан 2016
Дүтбаевты қамады

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев ұсталды, – деп хабарлайдыTengrinews.kz ҚР ҰҚК өкiлдерiне сiлтеме жасап. “Жүргiзiлген жедел iздестiру iс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 185-бабының 3-бөлiмiнде («Мемлекеттiк құпияларды жария ету») және 362-бабының 3-бөлiмiнде («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыра пайдалану») көзделген қылмыстарды жасауға күдiктi ретiнде Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйiмбайұлы ұсталды”, – делiнген хабарламада. Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың ҰҚК уақытша ұстау оқшаулағышқа қамалғаны хабарланды. Күдiктiлер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тiнту жұмыстары жүргiзiлiп, заттай айғақтар тәркiленген делiнедi осы ақпаратта.
Естерiңiзге сала кетейiк Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметiн атқарған. Оның нендей “Мемлекеттiк құпияларды жариялағаны” белгiсiз. Осындайда Дариға Назарбаеваның “Караван” газетiнде жарық көрген “Дежа вю” атты мақаласы еске түседi. Онда ол Н.Дүтбаев Н.Назарбаевқа Алтынбек Сәрсенбайұлына және оны серiктерiне қастандық жасауға Р.Әлиев пен Т.Құлыбаевтың қатыстылығы туралы баяндаған-мыс дегендi тiлге тиек етiп, шулатқаны бар едi. Кейiн Дүтбаев ҰҚК-ге қарайтын “Арыстан” күштiк құрылымының қылмыс жасауға қатысқаны үшiн өз еркiмен қызметтен кеткен болатын.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар