1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
5 қаңтар 2017
Қате ақпарат үшiн кешiрiм сұра!

Қырғызстанның мемлекеттiк ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң хабарлауынша, 1 қаңтарда Стамбұлдағы шабуылды қырғыз азаматы жасады деген мәлiмет шындыққа жанаспайды. Комитет мәлiметi бойынша, түрiк баспасөзiнде есiмi аталған Яхья Машрапов бұл уақытта Қырғызстанда болған. Стамбұлдағы қырғыз консулдығы қырғыз азаматы Яхья Машраповты «Рейна» түнгi клубындағы шабуылға қатысы бар деп таратқан бiрқатар түрiк басылымдарынан бұл ақпаратты жоққа шығаруын талап еттi. Консулдық қызметкерлерi «TRT World», «Йени Шафак» және «Хурриет» ақпарат көздерiне хабарласып, оларды жалған ақпараты үшiн кешiрiм сұрауға шақырған. Бұған дейiн түрiк бұқаралық ақпарат құралдары полициядағы дереккөзге сiлтеме жасап, шабуылды Өзбекстан немесе Қырғызстан азаматы жасаған деп таратты. Кейiн Интернетте Қырғыз азаматы Машраповтың төлқұжатының суретi пайда болды, түрiк БАҚ-тары оны күдiктi ретiнде таныстырған.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар