1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017
Уақытша тiркеудiң алғашқы құрбаны

Кеше Алматы облысында ХҚКО-ға (халыққа қызмет көрсету орталығы) уақытша тiркеуге келген ер адам қайтыс болды.
Iле ауданындағы Өтеген батыр кентiндегi ХҚКО-ға тiркелу үшiн кезекте тұрған 60 жастағы азамат жағдайы нашарлаған соң көшедегi көлiгiне барып отырғанда қайтыс болған. Ақпарат агенттiктерi кезекте тұрған жүз қаралы адамды тiркеумен тек екi адамның ғана айналысқаны, кейбiреулердiң бiрнеше күннен берi тiркеле алмай әуре-сарсаңға түскенi туралы айтқан адамдардың наразы пiкiрлерiн жариялады. Өз елiнде жүрiп өгейлiк көрген халықтың жанайқайын осындай заң шығарған билiк естiр ме екен? Азаматтың ажалына себепкер болған жөнсiз талаптың үкiмет пен парламенттегi авторлары тағы кiмнiң обалына қалады?

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар