1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017
Өзгеге емешегiмiз үзiледi де тұрады

“Қазақстан Темiр Жолы” компаниясы Қырғызстаннан Ресейге жүк тасымалдау құнын төмендеттi. Бұл туралы “ҚТЖ-Жүк тасымалдары” АҚ президентi Оралхан Құлақов хабарлады. “10 қаңтардан бастап “ҚТЖ” Қырғызстан үшiн тиiмдi транзит тарифiн енгiздi. Өйткенi Қырғызстан ЕЭҚҰ-ға мүше”, – дедi Оралхан Құлақов. Оның айтуынша, Луговой стансасынан Илецк стансасына дейiнгi тариф бағасы бұрын 5 155 доллар болса, қазiр ол – 1 820,7 долларға арзандаған. Осылайша тариф шамамен үш есеге төмендедi. Қырғызстанға арналған тарифтiң төмендеуiнен мемлекеттiк компания 42 миллиард теңге шығын көредi екен. Бiрақ ол шығынды жүк тасымалының шамамен үш есеге өсуiмен жабуға болады дейдi ҚТЖ өкiлдерi. Өзгенiң қамын күйттегенше, ел iшiндегi темiржол бағасын арзандатса қайтер едi?

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар