1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017
Спорт ареналарын оқушымен толтырмақ па?

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Алматы мектептерi үшiн 30 қаңтардан 8 ақпанға дейiн қосымша демалыс бермекшi.
Министрлiктiң баспасөз қызметi бұл Алматыда дүниежүзiлiк Универсиада өтуiне байланысты қабылданған шешiм деп отыр. Оның мақсаты – жергiлiктi оқушылардың жарыстарды тамашалауына мүмкiндiк туғызу, оларды салауатты өмiр салтына баулу көрiнедi. Бұл демалыстар Наурыз мейрамы күндерiне әсер етпейдi. “21, 22 және 23 наурызда алматылық оқушылар қазақстандық басқа оқушылар секiлдi демалады. 24 наурыз бен 1 сәуiр аралығында оқушылар оқуын жалғастырып, 1 сәуiрде оларға тоқсандық бағалар қойылады. 4 сәуiрде 4-шi тоқсан басталады, – дедi ҚР БҒМ баспасөз қызметi. Қаладағы жоғарғы оқу орындары мен колледждердiң студенттерiне мұндай демалыс берiлмейдi. Сонда студенттердi салауатты өмiр салтына баулудың қажетi жоқ па, әлде жартылай бос спорт ареналарын мектеп оқушыларымен толтырған оңайырақ па?

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар