1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
16 ақпан 2017
Қауiптi ойындарға жол жоқ

Әлеуметтiк желiлердегi жасөспiрiмдердi өлiмге итермелейтiн “Синий кит”, “Тихий дом” тәрiздi топтарға тосқауыл қойылды. Кеше Алматыдағы Наурызбай аудандық соты бұл ойындарды Қазақстан аумағында таратуға тыйым салатын шешiм шығарды. Соңғы уақытта суицидке итермелейтiн қауiптi ойыннан зардап шегушiлер қатары күрт көбейген. Жат пиғылдылар балаларды қорқытып-үркiту арқылы ойын тапсырмаларын орындауға итермелейдi. Соның салдарынан “Синий китке” тәуелдi талай бала өз денесiне өзi түрлi жарақаттар түсiрген. Мысалы, бiр ғана Атырау облысында бұл ойындарға 14 жасөспiрiмнiң тiркелгенi анықталды. Олардың қатарында мектеп оқушыларынан бөлек, колледж студенттерi де бар. Жалпы, өткен жылы өзiн-өзi өлiмге итермелейтiн 22 топқа Атырау облысы бойынша 1800 жасөспiрiм тiркелiп, екеуi өмiрмен қоштасқан.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар