1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
16 ақпан 2017
Екатеринбургтен улы “сәлемдеме”

Ресейдiң Екатеринбург қаласының тұрғыны Қырғызстанға жаппай қырып-жоятын қару жасауға арналған жетi тонна қауiптi зат алып өтуге тырысқан. Орал кеден басқармасының баспасөз хатшысы Е.Демянчуктiң хабарлауынша, Екатеринбург тұрғыны АК-6 ерiтпесiнiң металл шыбықшалары мен 400 келi улы зат (“Б” маркалы триэтаноламин) алып өтуге әрекеттенген. Бұл заттармен жаппай қырып-жоюға арналған қару жасауға болады. Қауiптi заттарды ол Қазақстан арқылы алып өтуге талпынған. Өйткенi Кеден одағына кiретiндiктен, Қазақстанда тауарларға декларация толтыру талап етiлмейдi. Ресейлiк азамат металл шыбықшаларын Қырғызстанның қорғаныс зауытына жеткiзудi көздеген.
Орал кеден басқармасы осы оқиғаға қатысты қылмыстық iс қозғады. “Металл шыбықшаларын алып өтпек болғаны үшiн сот айыпталушыға 3 жыл мерзiмге шартты жаза белгiлеп, 50 мың рубль айыппұл салды. Улы триэтаноламиндi шетелге шығаруға қатысты тергеу жүрiп жатыр”, – дейдi Орал кеден басқармасының өкiлi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар