1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
Хосни Мубарак бостандыққа шығады

Мысырдың экс-президенті Хосни Мубарактың босатылуына елдің бас прокуратурасы келісім берді. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, наурыз айының басында Мысырдың кассациялық соты Х.Мубаракты түпкілікті ақтап үкім шығарған. Экс-президент 2011 жылғы қаңтарда болған төңкеріс кезіндегі демонстранттардың өліміне қатысы бар деп айыпталған еді.
2012 жылы 2 маусымда Хосни Мубаракты 2011 жылғы төңкерісте бейбіт тұрғындардың өліміне кінәлі деп тауып, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кескен-ді . Ал 2013 жылы істі қайта тергеуге жіберіп, 2014 жылы билікке әскерилер келгенде оны ақтады. 2015 жылы Мысыр соты бұл іспен қайта айналысып, Мубарак және оның ұлдарын жемқорлық жасады деп айыптаған болатын. Енді, міне, 2017 жылы Мубарак кісі өлімі қылмыстық ісі бойынша ақталды. Бұл жолғы шешім жоғарғы апелляциялық инстанцияда қабылданған. Енді Мубаракты төңкеріске шыққан адамдарды басып-жаншу ісіне қатысты соттамайды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар