1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
Министр мәйітхана салуды ұсынды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында «Денсаулық» бағдарламасының орындалу барысын айтып шыққан еді, әділет министрі Марат Бекетов «мәселенің бірі – мәйітхана салу» деп шықты.
«Соңғы жылдары жаңа перзентханалар мен ауруханалар салуға мол қаржы бөлінді. Таяуда сот-медициналық талдау ісі Әділет министрлігіне берілді. Осы саладағы түйткілді бір мәселені айтып өткім келеді: соңғы кезеңдерде жаңа мәйітханалар салуға қаржы өте аз бөлінді. Кей кездері осынау, әсіресе, ірі қалалар үшін өте өзекті мәселеге жіті көңіл де бөлінбеді. Әкімдерден мәйітхана салуға назар аударуларын сұраймын. Бұған қаржыны жергілікті бюджеттен қарастыру керек. Мүмкін, республикалық бюджетке өтінім беру керек шығар...» – деді Марат Бекетов.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәйітхана салу ұсынысына жауап қатпағанымен, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «ойланайық» деп қалды. Министрлер қатты ойланса, кім біледі, алдағы тоқсанда «100 мектеп – 100 аурухана» деген бағдарлама сияқты «әр қалаға – бір мәйітхана» бағдарламасы іске қосылып та қалар.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар