1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
Қорғаушысымен әңгімелесе алмай жүр

Осы аптада білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовтің ісіне қатысты сот отырысы басталды. Бұл қылмыстық іс алғаш рет 2013 жылы қозғалған еді. Нақтырақ айтсақ, экс вице-министр мен «Салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы» серіктестігінің бас директоры Александр Пак екеуіне 2011 жылы «Өскемендегі Машина құрылысшыларының дайындығы және қайта дайындау орталығының құрылысына бөлінген 1,5 миллиард теңгені талан-таражға салды, алаяқтық жасады» деген айып тағылған болатын. Алайда екі айдан кейін оның кінәсін айғақтайтын дәлелдерге күмән келтірген сот істі қайта тергеуге жіберген. Шаяхметов алғашқы сот процесі кезінде өзіне тағылған айыпты мойындамаған.
Саят Шаяхметов сотта бұған дейін бұрынғы қорғаушысынан бас тартқанын, себебі тергеу кезінде онымен кездесе алмағанын айтты.
Сот отырысында С.Шаяхметов өзіне мемлекеттік қорғаушы ретінде астаналық адвокаттар алқасынан тағайындалған С.Шапенованы танымайтынын, онымен әңгімелесуге, істі талқылауға мүмкіндік болмағанын айтып, оның іспен танысуына уақыт беруін сұрады. Бірақ Астананың №2 Алматы аудандық сотының осы іс бойынша төрайымдық ететін судьясы Айжан Күлбаева бұл өтінішті қанағаттандырмады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар