1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
«Әйелімді тауып беріңдер...»

Тарс ете қалған дыбыстан жүрегі тас төбесіне шығатын Ақтөбеде жұрт тағы да дүрлігіп қалды. Осы қаладағы тіс емдеу мекемесіне келген бір ер адам екі кештің арасында «әйелімді тауып беріңдер» деп, тіс дәрігерін кепілдікке алды.
Қолындағы пышағын жалаңдатқан ол талабы орындалмаған жағдайда кепілдегі жанды өлтіремін деп қорқытқан. Осыдан бір апта бұрын ғана ажырасқан зайыбы осы мекемеде жұмыс істейді екен. Бұл турасында жергілікті ІІД өкілдері «14 наурыз күні сағат 19:00-де Ақтөбе полициясына белгісіз ер адамның стоматология әкімшісі – 1991 жылғы азаматшаны кепілге алып, өлтіремін деп қорқытқаны жайлы хабар түсті. Ер адамның қолында пышақ болған. Полиция оқиға орнына келгеннен кейін қылмыскердің жеке басын анықтады, ол 1993 жылғы азамат, жұмыссыз, 2016 жылы ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған» деген хабар таратты.
Ақтөбе облыстық ІІД мен прокуратура өкілдері бес сағат бойы келіссөз жүргізгенімен, оң нәтиже бермеді. Осыған дейін келіншегінің ата-анасының үйіне соғып, енесін пышақтап кеткен ол әйелін де өлтіруге бекінген көрінеді. Қатты ашу-ызаға берілген мұндай жандармен келіссөзді соза беру жақсылыққа апармайтынын түсінген полиция түнгі саған 12-де табельдік қаруды қолдану арқылы ер кісінің көзін жойды. Қазір кепілге алынған дәрігерге психолог мамандар көмек беруде.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
үрістем | 16 наурыз 2017 21:33
мынау масқара ғо бейбіт заманда қару қорлданып адам өлтіргені барып тұрған жауыздық Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің басшыларынан бастап қамау керек.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар