1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
БҰҰ алаңдаулы

БҰҰ-ның бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігі бойынша арнайы өкілі Майна Киаи Қазақстан сотының Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын жабу туралы шешіміне және кәсіподақ жетекшілерін қудалауына алаңдаушылық білдірді. «Билік Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақбаевты қамап, аштық жариялаушыларға айыппұл салу арқылы бейбіт қарсылықты күшпен тоқтатты. Енді кәсіподақ басшылары да «қаржы жымқырды» және «заңсыз ереуілге шақырды» деп айыпталып жатыр. Билік елдегі басты кәсіподақты жауып, кәсіподақ жетекшілерін қудалап, заңды қарсылықты заңсыз деп танып, оған қатысқандарды қамау арқылы кері жолға түсіп барады», – дейді Майна Киаи.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Ореке | 16 наурыз 2017 21:50
БҰҰ алаңдаулы болғанша,қызылкөзді бәледен құтқармайдыма?- ҚАЗАҚ халқын!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар