1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
Әблязовты Астанаға шақыртып жатыр

Франция түрмесінде үш жылдан астам уақыт отырып, бостандыққа шыққан бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов пен оның серіктеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 17 наурыз күні сағат 10-ға белгіленді.
Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтетін бұл процесс ашық түрде жүргізілмек. Прокуратура 3 наурызда «БТА Банктің» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, бұрынғы басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмеш пен банктің несие беру бойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықовқа қатысты қылмыстық істі қарап, сотқа жіберген болатын. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы биыл Әблязовты екі рет Астанаға тергеуге шақырған. Бірақ бұрынғы банкир екі шақыртуды да елең қылмаған.
2224 томдық құрайтын бұл қылмыстық істе жымқырылған қаржы тұрғындардың зейнетақы жинақ қорындағы ақша, жеке жинаған ақшалары және шетелдік қаржы институттарынан алынған займдар болғаны айқын дәлелденгені туралы да жазылған.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Ореке | 16 наурыз 2017 21:45
Н айыпты болып шықса, қызықтың көкесі сонда болады.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар