1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 35 (16221)   3 мамыр, сәрсенбі 2017
3 мамыр 2017
Елшінің әзілі: «Бомба!»

Астана әуежайында Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Баракидің айтқан әзілі тәртіп сақшыларын әп-сәтте әбігерге салды.
Қызмет мерзімі аяқталып, Кабулға бет алған бұрынғы елші кеденшілердің «Жүкте не бар?» деген сұрағына «Бомба бар» деп жауап берген. Баракидің бұл сөзінен кейін әуежайдың кіреберісі қоршауға алынып, арнайы қызметтің 100 қызметшісі дереу жеткен. Дипломат үш сағатқа қамауға алынып, Қазақстан СІМ қызметкерлері араша түскеннен кейін ғана босатылған. Бұрынғы елші әлеуметтік желіде осы оқиға жайлы білдірген пікірінде «бір сұрақты бірнеше рет қойды» және «әзілді түсінбеді» деп бар жауапкершілікті әуежай қызметкерлеріне артып отыр. Ал Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеубердінің түсініктемесі бойынша, арнайы қызметкерлер тексеріс жүргізген кезде ер адамның дипломатиялық статусы жайлы білмеген. Министрдің орынбасары Ауғанстанға наразылық нотасын жолдамайтындарын мәлімдеді.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар