1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 35 (16221)   3 мамыр, сәрсенбі 2017
3 мамыр 2017
Ағып кеткен бөгет қанша ақшаға салынды?

«Атбасар қаласында суды ұстап тұруы тиіс бөгет құрылысына 200 миллион теңге бөлінді, алайда соңғы уақытта болған су тасқыны оқиғалары оның 63 миллион теңгеге салынғанын көрсетті. Бөгет табиғи апаттың алғашқы соққысына да төтеп бере алмады».
Мәжіліс депутаты П.Казанцев осылай деп, мемлекеттік сатып алулар жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты әшкереледі. Ал Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бұл бөгетті көкшетаулық компания әзірлеп, құрылыс жұмыстарын елордалық мердігер ұйым жүзеге асырғанын айтады. Кейінірек Атбасар ауданының әкімі Андрей Никишов цифрды нақтылады. Оның айтуынша, 2015 жылы су тасқынына қарсы шаралар аясында 9 шақырымдық бөгет нығайтылған. Жұмыстарды жүргізуге 95 миллион теңге бөлінген. Іс жүзінде бұл жұмыстар 80 миллион теңгеге жүргізілген. «Су тасқынынан кейін үй иелеріне барлық құрылыстарды қалпына келтіруге көмек бердік. Өзге орындардан жер үлестері бөлінді, қайтадан құнарлы топырақ әкелінді. Бұл жұмыстарға 63 миллион теңге бөлінді. Міне, осылайша кейбір баспасөз хабарлаған 200 миллионнан астам теңге емес, 158 миллион теңге шығады», – деді А.Никишов.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар