1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Прокурордың қылмыстық топқа қатысы бар ма?

Қызылордадағы қылмыстық мұнай бизнесіне дем берушілердің қатарында осы өңірдегі көлік прокуроры Нұрлан Серікбаев та бар көрінеді. Ұлттық қауіпсіздік қызметі ішкі істер министрлігімен бірге Қызылорда облысы аумағында арнайы операция жүргізіп, мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сату, сақтау, тасымалдауға қатысы бар бірнеше қылмыстық топты құрықтады. Ішінде Н.Серікбаев та бар. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел тергеу топтарының мүшелері сегіз адамды ұстады. Олардың тұрғылықты мекенжайы мен олардың аттарына тіркелген мекемелерде 21-ден астам іздеу шарасы жүргізілді. Оның ішінде «КАИС-сервис» ЖШС (Қызылорда, асфальт өндіру зауыты мен мұнай құю терминалы), «Қарамай Ойл» ЖШС (Тараз, мұнай құю терминалы) бар. Қазір жедел тергеу амалдары жалғасуда.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Абылай | 18 мамыр 2017 15:09
Құрметті "Жас алаш". Бұл таң қаларлық жағдай емес. Мен "Жас алашта" бұдан 5 жыл бұрын жарық көрген 3 мақалаға байланысты Қызылорда облыс прокуратурасының 2 басқармасының бастығы Ерлан Қожановтың бастықтарына уәжі бекітілмеген құжаттарға қол қойдырып келеді. Бұл құжаттар ағайынды Әбубәкіровтардың қылмыстарын ашылмауы мақсатында деп түсіну керек.
Қызылордалық Балталы Төлеген | 19 мамыр 2017 12:12
Прокуратура баяғыда қылмыскерлермен сыбайлас, жемқор органға айналған.Өздеріне қажет болса немесе прокуратурадан"адамын тауып сөйлессең"кез келген істі,қай органнан болса да"прокурорский надзор"деп сұратып алып,"ананы жаса,мынаны жаса"деп быт-шытын шығарады."Оперативтік жұмыс"жасау үшін"прокурордың рұқсаты"керек.Жұмысың прокуратурадағы біреудің"аяғын басатын"болса санкция ала алмайсың.Өздері қылмыс ашпайды.Бірақ"прокуратураның қатысуымен қылмыс ашылды"дейтін"көкек"орган ғой!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар