1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Клубтың сыртқы келбеті ұнамады

«Бұл клуб қой. Сарай немесе мал қора емес. Неге фантазияларыңа ерік бермейсіңдер? Кішкене ойланып, қиялға ерік беріп, қосымша элементтер неге пайдаланбасқа?» Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданының Шәмші ауылында салынып жатқан ауыл клубының құрылысын көріп қатты ренжіді. Әкімге мәдениет ошағының сыртқы келбеті де, сәулетшілер бекіткен дизайн да ұнамады. 150 орынға есептелген ауыл клубының құрылысына бюджеттен 48 млн теңге бөлініпті. Мұнда кітапхана, түрлі үйірмелер, концерт залы қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарының аяқталуына әлі екі айдан астам уақыт бар екен. Сондықтан облыс әкімі бой көтеріп жатқан нысанның сыртқы келбетін әлі де дұрыстау керек екенін қатаң тапсырды.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар