1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Қарыз көлік есептен қалай шығарылған?

 Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы «Тойота Ленд Крузер» маркалы көлігінің салық қарызы төленбей, есептен қалай шығарылғанын тексеріп жатыр. 2012-2015 жылдар аралығында бұл көліктің иесі 1 339 899 теңге көлеміндегі салықты мүлде төлемеген. Жетісу ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы көлік иесінің үстінен арыз түсіріп, көлік салығын неге төлемей жүргенін анықтауға кіріскенде, «Тойотаның» 2016 жылы есептен шығарылғаны анықталған. Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығы бойынша, арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері көлікті есептен шығару үшін өтініш білдірген азаматтардың жеке куәлігін, көлігін және оған қатысты құжаттарды, сондай-ақ көліктің салығы төленгенін растайтын құжатты тексеруге тиіс. Бірақ борышкер «Тойотаның» иесі осы шаруаларды қалай айналып өткені белгісіз.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар