1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Шығыс пен оңтүстік – ең алдыңғы орында

Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары... Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өңірлер арасында рейтингті осы облыстар бастап тұр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың айтуына қарағанда, 2001 жылдан бері сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 10 мыңнан астам адам сотталыпты. Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша сотталғандардың 70 пайызы атқарушы билік органдарында қызмет еткен. Осы уақыт ішінде жемқорлық қылмыстардан келген материалдық шығын 240 миллиард теңгеден асты. Оның 44 пайызы қайтарылды.
Орталық атқарушы органдардың ішінде сотталғандардың саны бойынша ішкі істер, қаржы, әділет, қорғаныс, ауыл шаруашылығы министрліктері көш басында тұр. Өткен жылы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты тіркелген 398 фактінің 50 пайызға жуығы жергілікті полиция қызметімен байланысты екен.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар