1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Судья мен сотталған адамды не байланыстырған?

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқа төрайымы Жанна Бердіқұлованың өлі денесі табылды. Судьяның өліміне қылғындыру себеп болған сияқты. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталды. «Күдікті бірнеше рет істі болған, соның ішінде адам өлтіргені үшін 2006 жылы сотталған. Қазіргі кезде ҚК-нің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Ақмола облысының ІІД өкілдері.
Бұрын сотталған жан мен судьяны не байланыстырғаны әзірге белгісіз. Оқиға қалай өрбіді, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс па еді, ол туралы ештеңе айтылмаған. Әзірге Ж. Бердіқұлова қан қысымының көтерілгенін айтып, үйіне ертерек кетіп қалған. Ол жалғыз тұрады екен. Ертеңінде жұмысқа шықпай қалғандықтан, облыстық соттың қызметкерлері оның пәтеріне кіріп, жуыну бөлмесінде мәйітін тапқан. Және оның ұсталған күдіктінің ісі бойынша ешқандай да қылмыстық істі жүргізбегені белгілі болды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар