1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Қазақстан қырғыздарға көмек көрсетпек

ЭКСПО көрмесіне жұмсалған қыруар қаржыға таңдайын қаққан Қырғызстан президенті А.Атамбаевтың таңданысын одан бетер арттырып, өзі қарызға батып отырған Қазақстан көрші Қырғызстанға 100 млн АҚШ доллар беріп көмек көрсетпек.
«Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылды. Одақтың кедендік шекарасы сыртқы контурға, яғни қырғыз-қытай, қырғыз-тәжік, қырғыз-өзбек шекараларына ауысты. Бұл ретте, қырғыз шекарасының инфрақұрылымы сапалы жарақтандыру мен жаңғыртуды қажет етеді. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және одақтың сыртқы шекарасын бақылау мақсатында мемлекет басшылары деңгейінде Қырғызстанға көмек көрсету туралы шешім қабылданды», – дейді бұл жөнінде қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, бұл көмек Қырғызстанның одаққа қосылуы жөніндегі «жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асыруға бағытталады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
қадағалаушы | 15 маусым 2017 17:50
Ақшаны өз қалтасынан шығарса, Сұлтанов мырза 100 млн доллар емес, 1 тиын да бермес еді. Оны халық қалтасынан төлейді. Сол 100 млн-ды қарапайым халыққа пәтер алуға жұмсаса, қуанар едік. Бізге қырғыздарға көмек берудің қажеті қанша? Меніңше, қырғыздар экономикалық одақтан шығып кете ме, Атамбаев сайланудан бас тарта ма деп қорқып отырған Назарбаев пен Путиннің әлегі ғой деп ойлаймын. Осылай алдаусырата берсек кетпес, мәңгілік президент болып қалар деген оймен.
Unknown | 15 маусым 2017 18:22
Өз жыртығыңмен тыртығыңды жамап алмай басқаларға көмек жасамақсыңба аңғалда аңқау қазақ
Төре | 19 маусым 2017 20:24
Өле жегенше, бөле же!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар