1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (16242)   13 шілде, бейсенбі 2017
13 шілде 2017
Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жетті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевқа қатысты қылмыстық тергеу аяқталып, іс 4 шілдеден бастап Ақмола гарнизонының әскери сотында жатқаны мәлім болды.
Нартай Дүтбаев пен ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаевтар желтоқсан айында «мемлекеттік құпияны әшкереледі, билігін және қызмет бабын асыра пайдаланды» деген күдікпен ұсталған болатын. Оларға қатысты қозғалған істе «құпия» дегеннен басқа ақпарат жоқ.
Н.Дүтбаев ҰҚК-ні 2001 жылғы желтоқсаннан 2006 жылдың ақпанына дейін басқарған. Ол 2006 жылы 13 ақпанда Алматы маңында көрнекті мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіруге ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысы бары анықталғаннан соң отставкаға кеткен-ді. Отставкаға кеткеннен кейін де Дүтбаев жұмыссыз қалмады. Бастапқыда ҰҚК академиясының басшысы, кейіннен президенттің кеңесшісі қызметін атқарды. «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясында аз уақыт вице-президент болды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар