1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (16242)   13 шілде, бейсенбі 2017
13 шілде 2017
Жанболат Мамайды ЭКСПО-да қолдау

Тергеуге алынып, қамауда отырған Жанболат Мамайды қолдау үшін жемқорлықпен күресу халық майданының мүшесі, сексен жастағы Ережеп Алдабаев Алматыдан Астанаға арнайы барып, ЭКСПО-ны аралап шықты. Аралағанда да туристер сияқты көрмеге көз тігіп құр қайтқан жоқ. Ережеп ақсақал Жанболат Мамайдың суреті басылған футболканы киіп алып, қазақстандықтар мен шетелдіктердің назарын өзіне аудартқан. Қызығушылық танытқандарға саяси белсенді Жанболат Мамайдың жөнсіз қамауға алынғанын тәптіштеп түсіндіріп берген. Оппозициялық «Трибуна. Саяси қалам» газетінің бас редакторы, 28 жастағы Ж.Мамай бес айдан бері Алматыдағы уақытша қамау орнында отыр. Оған «экономикалық ауыр қылмыс жасаған, БТА банктен қашқында жүрген олигарх Мұхтар Әблязов пен оның серіктері ұрлаған ақшаның бір бөлігін ұйымдасқан қылмыстық топпен заңдастырды» деген айыптар тағылған. Тергеу қорытындысымен таныса бастаған Ж.Мамай бұл айыптарды терістеп отыр.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар