1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
22 тамыз 2017
Жампозовты кінәлі деп тануды сұрады

Ақмола облысының Целиноград аудандық сотында тараптардың жарыссөзінде прокурор Өмірбек Жампозовты кінәлі деп тануды және «қайтыс болуына байланысты жазадан босатуды» сұрады.
Өмірбек Жампозов – Преображенское су торабын жөндеу жұмыстарына бөлінген 640 миллион теңгені жымқыру айыбы бойынша істегі алты күдіктінің бірі. Ол 20 шілдеде Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратына шабуыл жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлерін жарақаттаған. Кейін ол өз-өзін атып өлтірген.
Сотқа әкесінің ресми өкілі ретінде қатысып жатқан Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозов әкесінің кінәсіз екенін айтып, оны ақтауды сұраған.
Сотталушы Қазыкеевтің адвокаты Аманжол Мұхамедияровтың айтуына қарағанда, прокурор Айгүл Жаманбалина сотталушы Бөрлібаев, Қазыкеев және Тайғұловты жеті жылға бас еркінен айыру және дүние-мүлкін тәркілеуді сұрады. Прокурор сотталушы Төлеуов «кінәсін мойындап, шығынның бір бөлігін өтеп, қылмысты ашуға болысқаны» үшін оған төрт жыл түрме жазасын сұрады.
Прокурор сотталушы Бейсебековті «кінәсін мойындап, келтірген шығынды өтегені» үшін бір жылға шартты мерзімге соттауды сұрады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар