1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
22 тамыз 2017
Шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

Тамыздың 12-сі күні кешқұрым қазақ-қырғыз шекарасының Жамбыл облысы Жасөркен ауылына жақын тұсындағы шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандар ұсталды. Болжам бойынша, олар қырғыз жерінен контрабандалық жолмен жылқы айдап өтпек болған. Қазіргі таңда заңсыз әрекетке барғандардың үстілерінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов: «Заңбұзушылыққа қатысқан барлық тұлғаларға қатысты және шекара қызметіндегі инженерлік-техникалық нысанға нұқсан келтірген барлық тұлғалардың әрекеті анықталып, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жуық арада барлық нәтижелер белгілі болады», – деді.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар