1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16255)   31 тамыз, бейсенбі 2017
31 тамыз 2017
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына ескерткіш орнатылды

Әйелдер құқығының тапталмауын алға тартып жүрген «ҚазФем» қозғалысы Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қайтыс болған әйелдерге ескерткіш орнатты. Көзінде мұң, басында орамалы бар, арқасына нәзік қанат тағылған әйел күші әбден таусылғандай қолын алға қарай әлсіз көтеріп тұрғаны бейнеленген ескерткіш, белсенділердің айтуынша, жолдасының қолынан қайтыс болған нәзікжандылардың образы. «Зардап шегушілерге қарсы күресетін құрылымдар жұмыс істемейінше, біз қоғамның теңдігі мен денінің саулығы жайында айта алмаймыз. Әйелдер үйі мен көшеде өзін еркін сезіне алмайды. Сотқа жүгіне алмайды», – дейді топ белсенділері. Осы жылдың сәуірінде бас прокуратура әйелдерге қатысты қылмыстар 90 пайызға өскенін, отбасындағы әрбір үшінші қылмыс – кісі өлтіру екенін мәлімдеген. Өткен жылы үй ішінде 36 әйел мен бір бала көз жұмған. 2481 әйел, 851 бала зорланған. Қорлыққа төзбеген 742 әйел, 175 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. 2012-2017 жылдар аралығында республика бойынша 726 әйелге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелген. Қазақстанда 3 шілде күні қылмыстық іс кодексі әкімшілік кодекске ауыстырылып, бұдан былай денсаулыққа жеңіл жарақат салды деп танылған кінәлі 23 мыңнан 39 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар