1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16256)   5 қыркүйек, сейсенбі 2017
5 қыркүйек 2017
«Қатаң репрессияның құрбаны болды»

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді. «БҰҰ Мьянмадағы дабыл қағарлық оқиғаларға қатысты өзінің түпкі позициясын білдіруі тиіс. Көптеген күнәсіз мұсылман қатаң репрессияның құрбаны болды», – деп жазды ол Twitter-де.
Мьянмада (ескі атауы – Бирма) үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс «рохинджа содырларының» Ракхайн штатында (ескі атауы – Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 «содыр» қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған. Осы уақыт ішінде 40 мыңнан астам рохинджа көрші Бангладешқа қашып барған.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар