1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16256)   5 қыркүйек, сейсенбі 2017
5 қыркүйек 2017
«Өз басымда ешқандай проблема болмады»

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2-3 қыркүйек күндері әлеуметтік желілерге кіруде кедергіге ұшырамағанын айтты.
2 қыркүйекте түнгі уақытта WhatsApp мессенджері істен шыққан болатын. Астана мен Алматы, Қарағанды және басқа қалалардың тұрғындары бір-біріне хабарлама жібере алмай қалғанын айтқан. Ал 3 қыркүйекте кешкі уақытта Instagram мен WhatsApp жұмыс істемей қалған. Журналистердің 2-3 қыркүйекте Қазақстан территориясында әлеуметтік желілерге кіруде шектеулердің бар-жоғы жайлы сұраққа ол ешқандай да кедергісіз әлеуметтік желілерге кіре алғанын айтты. «Бұған қатысты пікір білдіру қиын, себебі өз басымда ешқандай да проблема болмады. Ақау барлық қазақстандықта болды деп ойламаймын», – деді Абаев парламент палаталарының біріккен отырысының үзілісінде.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар